"Анасынан айнымаған сұлуым": Төреғали Төреәлі қызын туған күнімен құттықтады

Oinet.kz 07-06-2022 1368

Төреғали Төреәлі қызына арнаған жазбасын Instagram парақшасында бөлісті.

Screenshot_4.jpg

Ол перзентінің суретін жариялап, өз құттықтауын жолдаған. "Жаным қызым, Тоғжантайым, құлыным, Туған күнің құтты болсын шырыным. Ата-әжеңді қуанышқа бөлей бер Әке-анаңның алып мейірім жылуын. Бақытты бол ұзақ болсын ғұмырың. Иығыңнан төгіліп қос бұрымың, "Қазақ қызы" деген атқа лайық бол Анасынан аумай қалған сұлуым", - деп әкелік тілегін білдірді әртіс. Желі қолданушылары да құттықтау легін жалғастырды. "Тоғжантайды туған күнімен құттықтаймыз! Алланың сүйген құлынан болсын! Салиқалы ұрпақтан болсын! Əлемнің бар жақсылығын Алла нəсіп етсін", "Денсаулығы мықты, бақытты қыз болсын", "Көз қуаныштарыңыз болсын! Ғұмырлы болсын", "Меніңше қызыңыз сізге көбірек ұқсайды", "Әкесіндей елге сыйлы азаматша болып өсе берсін", - деп жазуда көпшілік.

Семейде жұмысқа кеткен азаматтың мәйіті табылды
"Жасына сай емес": Қысқа киім киген Айгүл Иманбаева сынға қалды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу