Жасөспірімдер кітапханасында «Парасат жолы» орталығы ашылды

Oinet.kz 18-02-2021 1530

Бүгін ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігі мен  Мәдениет және спорт министрлігінің бастамасымен Шымкент қаласының кітапханаларында «Парасат жолы» орталығы онлайн тәртібінде «ZOOM» бағдарламасы арқылы өтті. 

Screenshot_3.jpg

Осыған орай, Шымкент қалалық жасөспірімдер кітапханасында да «Адалдық алаңы» жобасы аясында «Парасат жолы» орталығы ашылды. Аталмыш тақырыпта кітап көрмесі ұйымдастырылып, орталықтың тұсауын жазушы-драматург Захардин Қыстаубаев, т.ғ.к., доцент ОҚМПУ-нің «Рухани жаңғыру және тәрбие» бөлімінің басшысы Қайрат Анарбай кесті. 

Screenshot_4.jpg

Орталықтың ашылуына ОҚМПУ комплекс-офицері Амирханов Азамат, «Шымкент келбеті» газетінің тілшісі Құттыбике Нұрғабыл қатысты. Кеш барысында зиялы қауым өкілдері орталықтың сыбайлас-жемқорлыққа қарсы күрестің бастамасы екенін айтты. Адалдық — адамгершіліктің аса маңызды моральдық қасиеті, қазақ халқының қанына сіңген адами құндылықтар жомарттық, адалдық, адамгершілік, абырой, тәрбие ұғымдарымен астасып жатқанын атап өтті. «Ел болам десең, бесігіңді түзе», «Біреудің ала жібін аттама» деген нақыл сөздері бүгінгі адалдық алаңымыздың басты ұйытқысы болатынын мәлімдеді. 

«Ар-ождан алдындағы адалдық – өз қадір-қасиетіңе, ізгі іс-әрекетіңе байланысты» деп ғұлама-ойшыл Әл-Фараби айтқандай «Парасат жолы» орталығы алдағы уақытта да халық игілігі үшін ұлағатты істердің қайнар көзіне айналатыны сөзсіз.

Шымкенттегі кітапханаларда «Парасат жолы» орталықтары ашылды
Түркістан облысында заңсыз жер қойнауын қазғандар ұсталды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу