Өрттен қаза болған бес баланың ата-анасына үш бөлмелі пәтер берілді

Oinet.kz 23-02-2021 960

Өрттен қаза болған бес баланың ата-анасына жаңа пәтер берілді, деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі. Бұл туралы Жамбыл облыс әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.

photo_78719.jpg

- Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, Жаңатас қаласындағы өрт салдарынан марқұм болған балалардың ата-анасына Жамбыл облысының әкімдігі тарапынан жан-жақты материалдық, психологиялық, дәрігерлік қолдау көрсету шаралары қолға алынған. Мәселен, жерлеу рәсімін ұйымдастыруды жергілікті атқарушы органдар өз мойнына алды, деп хабарлайды Жамбыл облысының әкімдігі.

Сондай-ақ, балалардың ата-анасына демеушілер есебінен Жаңатас қаласынан 3 бөлмелі пәтер берілді, ал Сарысу ауданының кәсіпкерлері баспанаға қажетті жиһаз бен техника алып берген. Қоғамдық ұйымдар, демеушілер 3 миллион теңгеден астам қаржы жинап, материалдық көмек көрсеткен көрінеді. Еске салайық, 19 ақпанда Жаңатас қаласында бес қабатты үйдің үшінші қабатындағы пәтерлердің бірінде өрт шығып, оның салдарынан 2015, 2016, 2017, 2019 және 2020 жылдары туған бес бала қайтыс болғаны хабарланған. Өрттің алдын ала себебі - жанғыш материалдың бетіне ашық оттың түсуі. Балалар көмірқышқыл газынан уланып, қайтыс болған.


«Экс-министр Біртановтың үйқамақ мерзімі ұзартылды» - адвокат
Дүние жүзінде вакцина салдырған адам саны 200 миллионнан асты
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу