Ермахан Ибраймов 90-шы жылдары қылмыстық топ мүшесі болғанын мойындады (видео)

Oinet.kz 24-02-2021 1553

Белгілі боксшы Ермахан Ибраймов 90-шы жылдары қылмыстық топ мүшесі болғандығын айтты. Алайда, ол ешқандай қылмысқа бармағандығын жеткізді. Бұл туралы ол Нартай Аралбайұлына берген сұхбаты барысында баяндады. 

Ермахан Ибраймов.jpg

- Спортшы болдым. Оны енді ОПГ деп айта ма, айтпай ма? Себебі, мен спортсмен болдым. Мен мықты болдым. Боксшы дегеннің қандай болатынын өзіңіз де білесіз ғой. Физический тұрғыдан өте мықты боксшы болдым. Сондықтан менің достарым ғой олар. Достарым маған келіп Ермахан қалай, жүр анда-мында барайық, жүрейік деген ұсыныстар болды. Мен олармен үрдім сөз жоқ. Ал, мен олардың немен айналысқанын мен білемін. Мен айттым. Мен сіздермен таңертеңнен кешке дейін жүрсем менің тренировкам жайына қалып кетеді. Сондықтан, тренировкама баруым керек. Уақытылы жатуым керек. Мен жарысқа кетуім керек. Сондықтан рақмет. Мен ешқандай қылмыскер болып, біреуді ұрып, жағасын жыртып, я болмаса біреуді өлтіріп ондай жаман тірліктерге барған емеспін. Сол себептен Алла Тағаланың көзі дұрыс болса керек, мен әлем чемпионы болдым - дейді Ермахан Ибраймов. 

Елімізде барлық ақша аударымдарына салық салынатыны рас па?
«Кінәлі шенеуніктерге қатаң шара қолдануыңызды сұраймын» - белгілі депутат Маминге
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу