«Олимпиада чемпионы деген атақты менен ешкім ала алмайды» - Ермахан Ибраимов (видео)

Oinet.kz 26-01-2021 1029

Алматы қалалық мәслихатының депутаты Ермахан Ибраймов Олимпиада чемпионы деген атақты өзінен ешкім ала алмайтындығын жеткізді. Бұл туралы ол  ASSYLTAS TV ютуб арнасына берген сұхбаты барысында айтты.

Ермахан.jpg

- Мен халықпен біргемін. Халықпен бірге болғанмын, боламын. Олардың сөзін сөйлейтін адаммын. Депутаттыққа барған себебім де сол. Ал, енді тағы да жазып жатса, менің оған ешқандай қарсылығым жоқ. Жазыңыздар. Өз еріктеріңіз. Мен кезінде олимпиада медалін алдым. Мысалы, бір оқырман жазыпты, Халықаралық олимпиадалық комитетке жазамын, Ермахан Ибраймовты алтын медальдан айырсын деп. Айыра алмайды. Себебі, ол 20 жыл бұрын өтіп кеткен дүние. Олимпиада чемпионы деген атақты менен ешкім айыра алмайды - дейді Ермахан Ибраймов. 

Еске сала кетейік, Ермахан Ибраймов 2000 жылы Сидней олимпиадасының алтын медалін иемденген болатын.

«Мені ешкім депутаттықтан айыра алмайды» - Ермахан Ибраимов (видео)
Мемлекет басшысы Аймағамбетовтың саласына сын айтты
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу