Дінмұхамед Қонаевтың сирек кездесетін видеосы жарияланды (видео)

Oinet.kz 24-02-2021 988

Әлеуметтік желіде Дінмұхамед Қонаев және Геннадий Колбиннің 1991 жылы видеоға түсірілген жауаптары жарияланды. Бірінде Дінмұхамед Ахметұлы өзінің жастар алдында сөз сөйлеуі туралы әңгіме де болмады десе, Генадий Василиұлы керісінше оның бас тартқанын айтады. Өте сирек кездесетін бұл видео taraz.history Tik Tok парақшасында жарияланды. 

Қонаев.jpg

- Колбин де келісіп отырмын дейді. Мен онымен сөйлестім. Ол «Сізден сөз сөйлеуді сұраймыз» деді. Бірден жиналып, СК-ға бардым. Жанымызда Ленин, жастар алдында сөз сөйлейді. Келген соң, Колбиннің кабинетіне кірдім. Сол жерде СК кейбір бюросының мүшелері болды. «Жастарға нені түсіндіру керек, қандай шешім қабылдап, не істеуіміз керек?» сынды сауалдар талқыланып жатты.Менің сөз сөйлеуім туралы ешқандай әңгіме де болмады. Осыдан кейін аздаған үзіліс жарияланып, Мәскеумен келіссөз басталды. Біз Колбиннің Мәскеумен келіссөзіне кедергі келтірмес үшін кабинеттен шығып кеттік. 15 минуттан кейін бізді жинап, Колбин: «Біз тиісті шараларды өзіміз қабылдаймыз. Демала беріңіз Димаш Ахметұлы» деп айтты, – дейді Дінмұхамед Қонаев.

Ал Колбин керісінше Ахметұлының кабинетке кіре салысымен бәріне Назарбаев пен Камаладиновты айыптағанын айтады.

- Хабарласып, Қонаевтан келуін өтіндім. Алдымен көпшілік алдында сөйлеуді, сосын СК бюросына келуді сұрадым. Сөз сөйлеуден бас тартты, СК бюросына келді. Перпендикуляр орналасқан столда, Назарбаев пен Камалиденовке қарама-қарсы отырды. Бюроның барлық мүшелерімен бірге. Кабинетке кірген соң, «Бұл сіздердің – Назарбаев және Камалиденов екеуіңіздің жасағандарыңыз. Мұның бәрін сіздер бүлдіріп жүрсіздер» деді. Бюро мүшелерінің алдында сөз сөйлеуден бас тартты. Сонда біз мінберден қазақ ұлтының барлық бюро мүшесі сөз сөйлейді деп келістік, – деді Генадий Колбин.

@taraz.history

#конаев #қонаев #кунаев #konaev #kunaev

♬ оригинальный звук - TARAZ HISTORY
Илья Ильин қос азаматтығы бар шенеунікті қолдады
Шымкент әкімінің халыққа есеп беру кездесуінде күтпеген оқиға болды (видео)
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу