Қарақат пен Қыдырәлінің Түркияда түскен отбасылық видеосы көпшілікті сүйсіндірді (видео)

Oinet.kz 21-10-2021 1592

Танымал әнші Қарақат Әбілдина 1 жыл бұрын Түркияның Алания қаласында түскен суретін Instagram парақшасында жарияланды.

Қарақат.png

- Зымыраған уақыт-ай! Былтыр тап осы уақытта бір қымбатымды жоғалтып, бір қымбатымды тауып, бір жылап, бір күліп, жаңа туған бөпемді бауырыма басып, балапандарымды жан-жағыма жинап, Жерорта теңізін жағалап едік…

Жаныма жалау, жарама жұбату болған құшағымдағы кіп-кішкентай періште бөпем бүгін көз қуанышымыз болып үй ішінде топаңдап, ұстатпай жүр. Көрсеткеніңе шүкір! Уақыт деген солай… Әр сәттен бақыт, қуануға себеп тауып, жақсылықты көре білуге, көре беруге ниеттеніп әр кезеңді әдемі өткізіп, әдемі шығарып салған дұрыс екен-ау! Солай емес пе, Жақсы Адам?! - деп жазды әнші. 

Олардың отбасылық видеосын көрген көпшілік жылы лебіздерін білдіруде.

- "Ия өте орынды айтасыз.Алла тіл көзден сақтасын, Бақытты отбасы", "Қандай керемет! Ағаш жапырағымен,Адамдар ұрпағымен көрікті деген осы шығар", "Қандай керемет жанұясыздар тіл көзден аман болыңыздар", "Дәл солай , дәл солай , қазақ елі осындай " - деп Маржан айтқандай уақыт емші ғой бәрине бірақ соны көтере білу , түсіне білу ол одан да жақсы , сен сол үшін ғажапсың сұлулықтың , аналардың символы Қарақат сіңлім", "Әдемі уақыттарыңыз көп болсын", "Жаратқан Иемізге сансыз шүкіршілік болсын!Өсіп-өніңіздер,көбейіп-көктеңіздер."Ағаштың сүйеніші-тамыры болса, адамның сүйеніші-отбасы"Отбасыңыз аман болсын.Бөрікті ұлдарымыз бен көрікті қыздарымыз көбейсін. Айналамыз аман,төңірегіміз түгел болсын!" - деп жазды олар.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Karakat Abildina (@karakat_a)

«Жарық дүниеге қош келдің, қызым» - күйеуімен ажырасқан әнші жаңалығымен бөлісті (фото)
Айжұлдыз бен Қыран қайта кездесіп, татуласты (фото)
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу