Бүгін қазақтың «Қыз Жібегі» Меруерт Өтекешованың туған күні

Oinet.kz 25-02-2021 6581

Осыдан 70 жыл бұрын (1951) театр және кино әртісі, ҚР еңбек сіңірген әртісі Меруерт Қаратайқызы Өтекешева дүниеге келді. Батыс Қазақстан облысында туған. 

Меруерт.jpg

Құрманғазы атындағы Алматы мемлекеттік өнер институтының актерлік факультетін бітірген. 

1973 жылдан осы кезге дейін М.Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театрының акрисасы. 

1985 жылдан бері Т.Жүргенов атындағы ұлттық өнер академиясында оқытушы. «Ана – Жер-ана», «Мөлдір махаббат», «Ескі үймен қоштасу», «Ревизор», «Үлкен ұл», «Қарагөз» және басқа спектакльдерде ойнады. «Қыз Жібек», «Менің ағам», «Шоқан», «Махамбет», «Бақсы»» «Жылан жылы» фильмдеріне түсті. «Құрмет» орденімен марапатталған, Мәскеуде өткен Бүкілодақтық жастар шығармашылығы байқауының лауреаты, ҚазКСР жастар шығармашыл жастар байқауының лауреаты. ҚР еңбек сіңірген әртісі.

Шымкент әкімінің халыққа есеп беру кездесуінде күтпеген оқиға болды (видео)
Бүгін Асқар Жұмаділдаевтың туған күні
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу