Маскүнем күйеуінен көйлекшең қашқан әйел аязда үсіп өлді

Oinet.kz 02-02-2021 765

Аяусыз сабаған алқаш күйеуінен қашамын деп аяздан үсіп көз жұмды. Жұбайының жұдырығынан қорыққан келіншек қыстың қақаған суығында сыртқа көйлекшең шығып кеткен екен. Ащы судың әлегінен болған сұмдық жайттың жай-жапсарын марқұмның туысқандары Еуразия бірінші арнасына айтып берді деп хабарлайды Oinet.kz. 

Screenshot_1.jpg

Арағы бар үйдің берекесі қашады дейді. Рас. Отағасы мас болған сайын, бұл шаңырақ ұрыс-керістен көз ашпайтын. Үйдегі соңғы айқай да ащы судың әлегінен басталған.

- Жатқалы жатқанбыз. Мама киімін ауыстырып жатқалы жатқан ғой. Сол кезде маманың шыңғырып, айқайлаған дауысын естідім көмек сұраған. Мен барсам, маманы кәдімгідей шашынан жұлып, пышақты алып өлтіремін деп қорқытып жатыр екен, - дейді марқұмның қызы.

Кейін, анасына араша түскен баланы итермек болғанда, әйелі алды-артына қарамай, сыртқа қаша жөнеліпті. Өлтіремін деп артынан қуып барған күйеуінен қорыққаны сонша, қаһарына мінген қыстың суығына да қарамаған.

- Далаға шығып адам іш киіммен кетпейді ғой. Оның ақыл есі тізу. Ешқандай учетта тұрмаған адам. Дені сау адам олай жасамайды ғой, қандай ашу болса да, қандай ұрыс жанжал болса да, ол үйден шығып кетпес еді. Ол сол жерге барып жатып, өлейін деп жатпайды ғой 35 градус аязда, ешқандай адам шыдамайды. Адам түгілі айуан да шыдамайды.

Ал таң ата полицейлер марқұмды үсіп қалған күйінде үйден жарты шақырым жерден табады.

Міне, бір домашний тапочка мына жерде жатыр, екіншісі мына жерде жатыр, - дейді марқұм Гүлшат Махатжанованың әпкесі Теңлік Сағындықова.

Қайғыдан қан жұтқан туыстары енді әділдік іздеп шырылдап жүр. Бауырларын өлтірген қаскөй әлі бостандықта деп наразы. Погондылар марқұм үсіп көз жұмды деп істі жаба салған екен.

- Ол ізінен қоса жүгіріп шыққан адам, қатты ұзап жүгіре алмайтын адам, қалай жете алмай қалады, қалай көрмей қалады. Мен көрмей қалдым деп айтты дейді. Ол қалай көрмей қалады ізінен шығып тұр ғой. Осының ақ-қарасын анықтайтын бізде заң жоқ па? Заңымыз соншалықты жұмсақ, соншалықты солқылдақ па?! - дейді Теңлік Сағындықова.

Ал бұған қатысты ШҚО ПД ТБ бастығы міндетін атқарушы Дәурен Иманмәдиев:

- Медициналық сот-сараптама бойынша, иә дене жарақаттары бар. Бірақ ол жарақаттардың өлімге қатысы жоқ. Қазір қосымша сот-медициналық сарапта өтсе, біз тиісті тергеу жүргізіп, процессуалдық шешім қабылдаймыз, - деп жауап берді.

Алайда, марқұмның ет жақындары азаматтық некедегі күйеуінің кінәлі екеніне сенімдіміз дейді. Бұған келтірер айғақтары да жетерлік.

- Бұл азамат егер ер жігіт болса, ол 102 хабарласып, шығып кетті деп айту керек еді. Егер ол өзі шығып кетсе біздің күдігіміз. Екіншіден ол Аягөзге қашып кеткен машинамен. Үйдегі баланың оқуына төлеу керек ақшаның бәрін алып кеткен. Егер ол кінәлі болмаса, сол арада отыруы керек еді, міне басымды кесіп ал, шығып кетті таппадым деп. Балаларға да звандатпаған. Звандама деп. Уақыт әбден өткен, -  дейді марқұм Гүлшат Махатжанованың күйеу баласы Жандарбек Қағазбеков.

Осылайша, күдіктінің қамауға алынуын талап еткен марқұмның туыстары қалалық медициналық сараптама қорытындысымен келіспей, енді облыстық сараптамаға үміт артып отыр.

Мәди Манатбекұлы басқарма басшысы болып тағайындалды
Тоқаев Алғыс айту күнімен құттықтады
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу