«Балалар Мемлекеттік тілде білім алу керек» - Асхат Аймағамбетов (видео)

Oinet.kz 03-03-2021 1491

Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов Қазақстандағы барлық оқушылар Мемлекеттік тілде білім алу керектігін жеткізді. Бұл туралы ол «Азаттық рухы» ютуб каналына берген сұхбаты барысында айтты. 

Асхат.jpg

Аймағамбетов ата-аналарды балаларын мемлекеттік тілде оқытатын мектептерге беруге шақырды. Оның айтуынша, қазір қазақ тілінде оқытатын мектептер бәсекеге қабілетті, бұған ҰБТ нәтижелері бойынша жоғары көрсеткіштер дәлел.

– Біз үшін ең маңызды міндеттердің бірі – мемлекеттік тілде оқытуды басым ету. Мұнда ешқандай пікірталас болмауы керек, өйткені ол Мемлекеттік тіл, сондықтан біздің еліміздің азаматтары мемлекеттік тілде оқытылуы керек, – деді Асхат Аймағамбетов.

«Ең үлкен қасірет – жақыныңнан айрылу» - Тоқтар Серіков (видео)
«Қазіргі телевизияда «астарлы ақиқат» сынды хабарлар құнды болып тұр» - Сенатор (видео)
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу