«Қазіргі телевизияда «астарлы ақиқат» сынды хабарлар құнды болып тұр» - Сенатор (видео)

Oinet.kz 03-03-2021 1767

Сенатор Дана Нұржігіт отандық телевизияда ұлттық құндылықтарды насихаттайтын жобаларды қолға алуды ұсынды. Бұл туралы ол Сенат отырысында айтты.

Дана Нұржігіт.jpg

- Сенсация, хайп қуған кейбір арналарда ұлттық санаға соққы болатын, халықтың ар-намысына тиетін тақырыптарға әлі де ең қымбат эфир уақыты - Prime time, яғни кешкі 18:00-ден түнгі 24:00-ге дейін уақыт берілетіні мен үшін түсініксіз жағдай. Көрген көз ұялып, айтқан адамның аузы былғанатын оқиғалардың жәй жапсарын «ел болып талқылайық» деген жүргізушілердің сөзінен не кейіпкерге деген жанашырлық, не қоғамға айтар даналық көрген жоқпын. Кеше ғана өмірден озған отандық телевизия мэтрі Нұртілеу Иманғалиұлы журналистика қоғамдық санаға әсер етуі керек. Ол оны я өсіреді, я құлдыратады. Журналист өзі еңбек сіңіріп отырған, өзін асырап отырған қоғамға, мемлекетке сәл-сәл, анау біздің ұғымымыздағы оппозиция емес, өмірді жақсартуға, дәстүрді жалғастыруға, игіліктерді молайтуға ықпал ететін оппозиция болу керек» - деуші еді. Ал, жаңағы айтқан хабарлардың қоғам санасына қандай әсері болады? Ұлттық мүдде, ұлттық құндылықтар деген ұғымдарды бүгінде хабарының рейтингінен жоғары қоятын журналиске рухани құндылық пен коммерциялық сұраныстың арасындағы тепе-теңдікті сақтау оңай емес. Қоғамның дамуы, ұлттық болашағы үшін ұлттық құндылықтарды дәріптейтін сүбелі сөз бен терең ойлы шығармалар маңызды десек те, қазіргі телевизияда рейтинг бойынша арнаға ақша құятын, блогерлерше айтқанда «жаға ұстатар», «астарлы ақиқат» хабарлар құнды болып тұр. Мұндайда қайтпек керек? Мысалы, Жапонияда отандық телеарналардың жұмысы ұлттық құндылықтар тұрғысынан заңмен бақыланады және реттеледі. Басты талаптар: ұлт мәдениетін, рухын көтеру, төл құндылықтарды сақтап, дәріптеу. Заманауи жаңалықтарға отандастарының қосқан үлесін насихаттап, мақтан тұту. Қазақстанның ақпарат саласындағы заңнамасында телеарналардың басты қағидаты болуға тиісті «ұлттық құндылықтарды сақтау» , «дәріптеу», «насихаттау» деген ұғым-түсінік жоқ. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «Тәуелсіздік бәрінен қымбат»  деген мақаласында: «Адам баласы дүниеге патриот болып келмейді. Ол білім мен тәрбие алып, әлеуметтік ортамен араласып, азаматтық болмысын қалыптастыру кезінде патриотқа айналады» - деген еді. Интернеттегі ақпарат ағынымен жарыса жүріп, төл телевизия арнасында қазақ әлемінің қазығын мықтап қақпасақ, «Тәуелсіздік бәрінен қымбат» дейтін, оның құнын білетін патриот ұрпақ өсетініне күмәнім бар. Отандық арналардың барлық меншік иелерінен эфирге шығатын кез келген контенттің түп-тамырын ұлттық құндылықтар қағидатына негіздеуді талап етпей, қазақ қоғамындағы руханият деңгейі көтерілмейді. Бұлай жалғаса берсе ұрпақ азғындайды, ұлт тозады. Менің түсінігімде, Ұлттық құндылықтарымызды сақтау - Ұлттық қауіпсіздігімізді сақтаумен тең. Қазақстан Республикасының Үкіметінен халықаралық тәжірибелерді зерттей отырып, жоғарыда аталған талапты көздейтін нормаларды заңнамада қамтып, тиісті заңнамалық актілерге қажетті өзгерістер мен толықтырулар енгізу мәселесін қарастыруларыңызды сұраймын - деді Дана Нұржігіт. 

Посмотреть эту публикацию в Instagram


Публикация от Мақсат Толықбай (@maksattolykbai)

«Балалар Мемлекеттік тілде білім алу керек» - Асхат Аймағамбетов (видео)
Шымкентте алғаш рет «Business lady Qazaqstan» республикалық байқауының шешуші кезеңі өтеді
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу