Тұрсынбек Қабатов жаңа қызметке тағайындалды

Oinet.kz 10-01-2023 879

Тұрсынбек Қабатов «Хабар» агенттігінің креатив продюсері болып тағайындалды. Бұл туралы агенттік төрағасы Берік Уәли Facebook-тегі парақшасында жариялады, деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі.

Screenshot_12.jpg

Тұрсынбек Қабатов жаңа қызметіне бүгіннен бастап кірісті.

«Бойындағы таланты мен тынымсыз еңбегінің арқасында халықтың ықыласына бөленген Тұрсынбек Аманғалиұлы қолға алған кез келген жоба табысты болып жатады. Ол әдемі қалжыңы арқылы қоғамдағы өзекті мәселелерді қозғап, әрдайым көпшіліктің көкейіндегі айтып жүретіні белгілі. Оның ішінде отандық телеарналардағы «Әзіл әлемі», «Көңілді тапқырлар алаңы» сияқты жобалары көрермен тарапынан үлкен сұранысқа ие. «Хабар» арнасындағы Тұрсынбек Қабатов жүргізген «Жұп-жұбымен», Cover show сияқты жобалар да жоғары нәтиже көрсетіп, агенттік үшін табысты хабарлардың біріне айналды. Тұрсынбек Аманғалиұлы жаңа қызметінде көрерменнің көзайымына айналатын тың, қызықты жобаларды әзірлеумен және үйлестірумен айналысады», - делінген жазбада.

Берік Уәли әріптесіне шығармашылық табыс тіледі.

«Шардара» су қоймасы мерзімінен бұрын толып, 22 елдімекенді су басу қаупі бар
Жетісу облысында 6 жастағы бала үш айлық туған қарындасын пышақтап өлтірді
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу