«Адастыруға қақысы жоқ!» - абайтанушы Тазабеков туралы ашығын айтты (видео)

Oinet.kz 16-03-2021 1351

Абайтанушы Омар Жәлел "Асыл арна" телеарнасының негізін қалаушы Мұхамеджан Тазабеков туралы пікір білдірді. Бұл туралы ол Нартай Аралбайұлына берген сұхбаты барысында айтты.

Омар Жәлел мен Мұхамеджан.jpg

Ол кезінде "салафизм - секта деп адасып жүріппін" деп мойындаған Мұхамеджан Тазабеков туралы ойын ашып айтты.

- Абай атамыз айтады ғой: Адам баласы адасып жүріп жол табады. Біз адасты деген кезде оны катастрофа ретінде қабылдаймыз. Ол да біздің қоғамның инфантилизмі. Адамның адасуға қақысы бар. Абай айтады, қисық жолдағы адамды түзу жолға салған адамнан жүз тура жолдағы адамды адастырған адамды садаға кетсін дейді. Әлбетте, адастыруға қақысы жоқ. Біздегі теріс ағымдағы адамдардың көбісі Абай айтқандай фундаментальды білімі болып, ақылмен келсе, әлбетте олар адаспас еді. Сондықтан, бұл жерде ең басты мәселе, дінді, иманды түсіндіре алмауымызда жатыр. Қазір иманды түсіндіретін уақыт келді. Иман деген не? Абай айтады, иман деген - әділеттілік, арлылық, махаббат деп. Мен Мұхамеджан Тазабековты көргенім жоқ. Мүлде кездескен жоқпын. Мұхамеджан Тазабековтың ондай жолда жүргенін өзі айтып отырса, мен былай ойламын. Біздің қазақ қоғамында әртүрлі дін ұстайтын адамдар бар. Бірақ, оның бәрі қазақ. Егер ол адасып қайта үйірін тауып жатса неге біз оның кеудесінен итеруіміз керек. Неге сөз қылуымыз керек. Егер адам өзі мойындап тұрса неге оны сөз қылуымыз керек.Мойындады ма, мойындады. Болды  - деді Омар Жәлел.

Министрлердің VIP ұшағының құны қанша? - журналист ащы шындықты айтты (фото)
Электр желілеріне технологиялық қосылу
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу