Сәкен Майғазиевтың сүйкімді қызымен түскен фотосы көпшілікті сүйсіндірді

Oinet.kz 29-03-2021 961

Шымкент қалалық Мәдениет үйінің директоры Сәкен Майғазиев Instagram парақшасында қызымен түскен фотосын жариялады деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі.

Screenshot_1.jpg

Әнші фотода үлкен қызы Раянамен түскен. Әншінің жазуынша, қызы әкесінің қызмет бабында мазасызданып жүренін сезіп жылаған екен.

"Үлкен қызымның сағат телефоны бар. Алыста жүрген соң халін біліп, сабақтан қаншада шығатынын, қандай баға алғанын біліп отырам. Бүгін таң ата үлкен қызым Раянам түсіме кіріпті. Сағат телефонымен маған қоңырау шалған екен деймін. Таңертең жұбайыммен телефонмен тілдестім. "Қызыңыз "Әкеме звондаңызшы" деп жылап оянды", дейді. Көзімен жас бұрқ ете қалды. ҚҰДАЙдың құдіреті күшті, не деген тылсым дүние деймін де, әкесі мен қызын байланыстырып тұрған. Әкесінің жан дүниесі жай таппай жүргенін сезген жүрегіңнен сенің. РАББЫМ, балапандарымды тіл, көзден аман қыла гөр!" - деп жазды Сәкен Майғазиев.

Көпшілік Раянаға амандық тілеп, жүрекжарды тілектерін жаудырды.

Еске сала кетейік, Шымкенттегі Наурыз мейрамын тойлаға бөлінген бюджет қаржысына байланысты Сәкен Майғазиевтың басы дауға қалған болатын.

Аяжан Еділованы өлтірді деген күдіктінің ата-анасы мұғалім болған
Соңғы тәулікте 1663 адамнан коронавирус анықталды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу