Тоғызқұмалақ, асық атудан сайыс өтті

Oinet.kz 02-04-2021 1123

ЮНЕСКО-ның бүкіләлемдік материалдық емес мәдени мұралар тізіміне енген ұлттық ойындар бойынша «Тәуелсіздік ұрпақтары» ұлттық жобасы аясында Түркістан қаласындағы мектеп оқушылары арасында тоғызқұмалақ, асық ату сайысы өтті.

f52bd5ce-2928-4874-b8e6-e3e1f65c4b4c.jpg

Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай және Наурыз айы «Мәдениет айы» болып жариялануына байланысты Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейі» РМҚК ұйымдастырған  сайысқа Түркістан қалалық Адами капиталды дамыту бөліміне қарасты барлық мектептер және Балалар мен жасөспірімдер орталығындағы тоғызқұмалақ, асық ату үйірмесінің оқушылары қатысты.

Спорттық доданың мақсаты -  еліміздегі бұқаралық спортты кеңінен насихаттау арқылы халқымыздың бай мәдени мұрасына деген құрмет сезімін қалыптастыру.

Ереже бойынша асық ату сайысына  3-7 сынып оқушылары, тоғызқұмалақ сайысына 3-10 сынып оқушылары қатысып, бақ сынады.

Асық ату сайысы бойынша 1-орынды Темірхан Ердәулет  иемденсе, 2-орынға  Жаңабек Бақкелді, Әбдірахман Иманғали лайық деп танылды. Сондай-ақ, 3-орын Бағланұлы Асылбек, Шекербай Нұртас, Ешпек Саянға берілді.

Тоғызқұмалақ сайысы бойынша 1-орынды Қоқыш Бекжігіт бағындырса, 2-орынды Жүсіпәлі Марғұлан, Ергенбайқызы Ақерке иеленіп, жүлделі 3-орынды Әбсаттар Нұрай, Ислам Нұрбекқожа, Дүйсенбек Інжу еншіледі.

63badba0-7a39-477b-af8b-2b1612d0f5fc.jpg

«Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейінің директоры Ахметжанов Нұрболат Қадырұлы жеңімпаздарға бұқаралық спортты шебер меңгергені үшін алғыс айтып, ақшалай сый-сияпаттар мен қорық-музейдің баспа өнімдерін және дипломдар табыс етті.

«Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейінің баспасөз қызметі

Олимпиадаға келмей-ақ қойыңыздар
Туркестан официально признан столицей Тюркского мира
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу