Олимпиадаға келмей-ақ қойыңыздар

Oinet.kz 02-04-2021 1055

Пандемияға байланысты Жапония  олимпиадаға келетін қонақтардың санын екі есеге қысқартуды жоспарлап отыр. 

Олимпиада Япония.jpg

Алдын ала болжам бойынша Токиоға шетелден 90 мың адам келеді.  Оның 30 мыңы спортшылар. Қалғандары спортшыларға қызмет көрсетушілер.  Олимпиаданы ұйымдастырушылар енді олардың тең жартысын қысқартуға кірісті.  Спортшылардың жаттығуына тікелей қатысы жоқ адамдарға олимпиадаға келмеу туралы кеңес берілмек. 

Бұған дейін белгілі болғандай, індеттің күшеюіне байланысты  олимпиада шетелдік жанкүйерлерсіз өтеді.  Олимпиадаға билет алып қойған шетеліктердің шығындары өтеледі. 

Қырғызстанда тағы бір төңкеріс болуы мүмкін
Тоғызқұмалақ, асық атудан сайыс өтті
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу