Алексей Цой әзірге вакцина салдырмайды

Oinet.kz 07-04-2021 796

Алексей Цой әзірге екпе салдырмайды. Отандық вакцинаны күтеді. Елордадағы емхана жұмысын тексеруге келген министр осылай деді, деп хабарлайды "Хабар-24".

Алексей Цой.jpg

Оның айтуынша, өзіне салдыртпақ "QazVac" қазір соңғы сатысынан өтіп жатыр. Ол осы айдың соңына қарай қолданысқа еніп қалуы мүмкін.

Осы ретте ведомство басшысы "Қарағандыдағы фармацевтикалық зауытта өндіріліп жатқан ресейлік "Спутник V" вакцинасын отандық өнім" деп, айды аспанға бірақ шығарды. Министрдің сөзіне сенсек, басқа ел ойлап тапқан өнімді өзімізде өндіру де өте күрделі технология. Сондықтан әлгі вакцинаны Қазақстанда шығарылған деп толық сеніммен айтсақ болады деді.

- "Спутник V" де қазақстандық вакцина. Ол біздің елде өндірілген. Субстанциясы Ресейге тиесілі шығар. Бірақ вакцина Қазақстанда өндірілді. Сондықтан оны отандық өнім деп айтуға болады. Сыртқы қаптамасында да Қазақстанда шығарылған деп жазылады - деді Алексей Цой.

Forbes әлемдегі ең бай адамдардың тізімін жаңартты
Кенесары ханның бас сүйегі табылды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу