Алексей Цойдың қызметінен не себепті кеткені белгілі болды

Oinet.kz 20-12-2021 1300

Денсаулық сақтау министрлігі Алексей Цойдың лауазымынан не үшін босатылғанын түсіндірді. Экс-министр қызметінен өз еркімен кеткен, деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі.

image.png

Бүгін мемлекет басшысының жарлығымен Алексей Цой денсаулық сақтау министрі қызметінен босатылды. Ол министр лауазымына 2020 жылдың маусым айында тағайындалған еді. Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі Цойдың өз еркімен жұмыстан кеткенін хабарлады.

-  "Алексей Владимирович басқа жұмысқа ауысуына байланысты қызметінен өз еркімен босатылды" - деді министрлікте. 

Денсаулық сақтау министрі міндетін кім атқаратыны әзірге белгісіз. 


Аргентинада Абай көшесі мен «Қазақстан Республикасы» алаңы пайда болды
Сиви Махмуди 10 жыл отасқан күйеуімен ажырасып кетті
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу