Тоқаевтың ескертуінен соң Цой ауыл аралап кетті (видео)

Oinet.kz 16-04-2021 1352

Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой ауылдардағы екпе жұмыстарының барысымен танысты, деп хабарлайды Астана телеарнасы. 

Алексей.jpg

Алексей Цой алдымен Алматы облысының Талдыбұлақ ауылындағы дәрігерлік амбулаторияға барған. Онда 8,5 мыңнан астам ауыл тұрғынына қызмет көрсетіледі. Мұндағы халықтың жартысынан астамы екпе алуды жоспарлап қойыпты. Денсаулық сақтау министрі екпенің вируспен күресте маңызды екенін түсіндіріп, қауіпсіздік шараларын жіті сақтауға кеңес берді. Амбулатория қызметкерлерінен арнайы құрылған мобильді бригада, азаматтарға қоңырау шалып, вакциналау және қауіпсіздік шараларын түсіндіріп жатыр. 

- Қазір вакциналау қарқынды жүргізіліп жатыр. Кеше ғана 70 мыңға жуық адам егілді, жалпы жарты миллионнан астам азамат вакцина салдырды. Қазақстанның әрбір өңіріне вакцина келіп түсетін кестелер бар. Бұл вакциналар Еуропа, Азия елдерінде де қолданылады және тиімділігі жоғары, - деді Алексей Цой. 

Еске сала кетейік, Мемлекет басшысы 1 сәуірде өткен коронавирус індетіне байланысты эпидемиологиялық ахуал жөніндегі кеңес барысында министр Цойды сынға алған болатын.

Вакцина салдырған әйел бала көтере алмай ма?
Қазақтар Африкада жираф пен зебра аулап жүр (видео)
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу