Біртановқа отбасын асырау үшін сыртқа шығуға рұқсат берілді

Oinet.kz 21-04-2021 2656

Бұрынғы денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов мамырдың соңына дейін үйқамақта болады, алайда отбасын асыруа үшін оған үйден шығып, жұмыс істеуге рұқсат берілді, деп хабарлады «Хабар 24». 

Елжан Біртановвв.jpg

Сот оның қорғаушыларының өтінішін жартылай қанағаттандырды.

Біртановтың 5 баласы бар, оның үшеуі кәмелет жасына толмаған. Сондықтан сот оған жұмыс істеуге рұқсат беріп отыр.

Бұрынғы шенеунік үйден таңғы 8-де шығып, кешкі 7-де үйде болуы тиіс.  Экс-министр осылай бір ай жүре алады.

Былтыр жазда Президент пәрменімен Елжан Біртанов қызметінен босатылған. Кейін қараша айында оған қатысты қылмыстық іс қозғалғаны мәлім болды. Ізінше үйқамаққа алынғаны белгілі болды. Оған «бюджет қаржысын жымқырды» деген айып тағылып отыр.

​Академик Ә. Қуатбеков атындағы Халықтар достығы университеті хабарлайды!
Түркістан: Партия ұйымдарын басқаруда әйелдердің үлесі артып келеді
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу