«СҚ-Фармацияның» экс-басшысы Берік Шәріптің тағы қандай айыбы бар?

Oinet.kz 26-04-2021 720

Нұр-Сұлтан қаласы Есіл аудандық сотында «СҚ-Фармацияның» бұрынғы басшысы Берік Шәріптің ісі бойынша басты сот талқылауы өтіп жатыр.

СҚ Фармация басшысы.jpg

Берік Шәріпке ҚР ҚК-нің 361-баптың 4-бөлігінің 3-тармақшасы («Ауыр салдарға әкеп соққан лауазымдық өкілеттіктерді теріс пайдалану») және 287-бабы 2-бөлігі («Қару, оқ-дәрілер, жарылғыш заттар мен жарылғыш құрылғыларды заңсыз сатып алу, беру, өткізу, сақтау, тасымалдау немесе алып жүру») бойынша айып тағылған.

Тыңдау кезінде Берік Шәріптің адвокаттары оны қамаудан босату немесе үй қамағына алу туралы өтініш берген еді. Алайда сот өтінішті қабылдамаған.

Ол 2006 жылдың қазанынан 2008 жылдың сәуіріне дейін Оңтүстік Қазақстан облысында (қазіргі Түркістан облысы – ред.) тұрды. Сол кезде ОҚО Денсаулық сақтау департаментінде жұмыс істеді.

Осы кезеңде Шәріп Шымкенттің қару-жарақ дүкенінен МР-461 «Қарауыл» маркалы ұңғысыз атыс қаруын, 18х45 калибрлі тапаншаны, сондай-ақ тапаншаға патрондар сатып алды.

- Жекелеген қару түрлерінің айналымын мемлекеттік бақылау туралы» Заңның 6-бабына сәйкес, ұңғысыз атыс қаруы қызметтік қаруға жатады. Қаруды сақтау, алып жүруге рұқсат алған заңды және жеке тұлғаларға азаматтық және қызметтік қару мен оның патрондарын сақтауға рұқсат етіледі. Атыс қаруын сақтау, алып жүруге рұқсаты жоқ Берік Шәріп 2007 жылдың тамызынан 2020 жылдың 6 тамызына дейін өзін-өзі қорғауға арналған тапаншаны заңсыз сақтаған, – деді мемлекеттік айыптаушы.

Оның айтуынша, қару Шәріптің пәтерінен 2020 жылы 6 тамызда тінту кезінде табылған. Тапаншамен бірге пайдалану кітабы, төрт травматикалық патрон және атыс патронының оқсауыты болды, – деп жазады Tengrinews.kz.

- Осылайша, Шәріп қаруды заңсыз сақтай отырып, Қылмыстық кодекстің 287-бабы 2-бөлігінде көзделген қылмыстық құқықбұзушылық жасады, – деді прокурор.

Бүгін Сәбит Мұқанов дүниеге келген күн
​«Заң клиникасы» жұмысын бастап кетті
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу