​«Заң клиникасы» жұмысын бастап кетті

Oinet.kz 26-04-2021 630

"Шымкент қаласы Кәсіподақтар орталығы" аумақтық кәсіподақтар бірлестігі жанынан құрылған Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар Федерациясының "Заң клиникасының" филиалы өз жұмысын бастап кетті. 

image.png

Заң клиникасында тәжірибелі заңгерлер, медиаторлар, психологтар, сондай-ақ құқық қорғау, білім беру жүйелерінде, мемлекеттік құрылымдарда, заң компаниялары мен қоғамдық ұйымдарда қызмет еткен мамандар кәсіподақ мүшелеріне еңбек заңнамасы мәселелері бойынша тегін заңгерлік кеңес береді.

Бүгін білікті заңгер, медиатор Самарина Феруза Бақтиярқызы қоғамдық қабылдау өткізуде. Алғаш болып құқықтық кеңестер алу үшін заңгердің көмегіне Ж. есімді азамат жүгінді.

Келуші азамат заң клиникасының қызметкерлеріне ақысыз білікті көмек көрсеткені үшін ризашылығын білдірді.

Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар Федерациясының "Заң клиникасы" филиалына құқықтық кеңестер алу үшін:

Шымкент қаласы, Қазыбек би көшесі, 49 "Заң клиникасы" кабинеті немесе

+7 (778) 589-55-55 нөмеріне хабарласа аласыздар.

#kasipodaqkz #Заң клиникасы #ТатуласуОрталығы

#kasipodaqkomektesude #ӘлеуметтікӘріптестік #ҚРКФ #Шымкент #БастауышКәсіподақҰйымыЖылы

«СҚ-Фармацияның» экс-басшысы Берік Шәріптің тағы қандай айыбы бар?
Шымкентте әйелдер үй сұрап айқай-шу шығарды (фото)
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу