Елбасы Түркістанға баруға кеңес берді

Oinet.kz 28-04-2021 716

Қазақстан халқы Ассамблеясының XXIX сессиясында ҚР Тұңғыш Президенті-Елбасы, ҚХА Төрағасы Нұрсұлтан Назарбаев Түркістан облысын құру туралы қабылдаған шешімінен кейін жаңа дәуірі басталған Түркістанды барып, көруге кеңес берді.  

Screenshot_6.jpg

«Екі жылдан астам уақыт өтті. Егер Түркістанда болмасаңыз, қазіргі қаланың қалай өзгергенін көруге келіңіз. Еліміздің астанасынан кейін бой көтерген жаңа қала болды. Бұл - еліміздің зор мүмкіндіктерінің тағы бір дәлелі. Жаңарған Түркістаны көргендердің барлығы таң қалуда. Бұл – мәдениет орталығы, республикамыздың орталығы. Еліміздің оңтүстігіндегі тағы бір гүлденген қала. Жақында, менің бастамаммен өткен түркітілдес мемлекеттердің ынтымақтастық кеңесі саммитінің қорытындысы бойынша Түркістан ресми түрде түркі әлемінің рухани астанасы болып жарияланды»,-деді деді Нұрсұлтан Назарбаев. 

Screenshot_7.jpg

Елбасының төрағалығымен Қазақстан халқы Ассамблеясының «Бірліктің, татулық пен келісімнің 30 жылы» атты XXIX сессиясы өтті. ҚР Тұңғыш Президенті-Елбасы, ҚХА Төрағасы Нұрсұлтан Назарбаевтың төрағалығымен өткен сессия жұмысына Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев және онлайн форматта 550-ден астам адам қатысты. Олардың қатарында барлық өңірлерден келген Ассамблея мүшелері, республикалық және өңірлік этномәдени бірлестіктердің төрағалары, Парламент депутаттары, орталық атқарушы органдардың, саяси партиялардың, діни бірлестіктердің басшылары, ҮЕҰ, ғылыми, шығармашылық зиялы қауым және БАҚ өкілдері бар. Сессия барысында Елбасы Ассамблеяның алдына қоғамдық келісім мен ұлттық бірлікті одан әрі нығайту бойынша нақты міндеттер қойды. 

Screenshot_8.jpg

Сессияда ҚХА мүшелері, этномәдени бірлестіктерінің басшылары, аймақтардан келген делегаттар, жұмысшы өкілдері, спорт, азаматтық қоғам өкілдері, жастар және т.б. сөз сөйледі.

Консерваторияда XIII Республикалық студенттік пәндік олимпиада өтті
Соңғы тәулікте 2883 адамнан коронавирус анықталды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу