Цой Қазақстандағы эпидемиологиялық ахуал туралы соңғы мәліметтермен бөлісті

Oinet.kz 04-05-2021 683

Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой Қазақстандағы эпидемиологиялық жағдай туралы соңғы мәліметтермен бөлісті, деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі.

Алексей Цой.jpg

Оның айтуынша, эпидермиялық қауіпті аймақта тоғыз өңір бар - Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент, қалалары және Ақмола, БҚО, Жамбыл, Қарағанды, Қызылорда және Павлодар облыстары. Олардың арасында Павлодар мен Жамбыл облыстары өткен аптаға ғана "қызыл" аймаққа енді.

Ал орташа қауіпті аймақта 5 өңір бар - Ақтөбе, Атырау, ШҚО, Алматы, Маңғыстау облыстары.

"Жасыл" аймақта Қостанай, Түркістан, Солтүстік Қазақстан облыстары қалып отыр.

- Соңғы үш аптада аурушаңдық динамикасы іс жүзінде сол деңгейде қалды. Соңғы аптада сырқаттанушылықтың 2% төмендеуі байқалды, өлім деңгейі өткен аптаның деңгейіндегідей, - деді Денсаулық сақтау министрі үкімет отырысында.

Республикамызда жұқпалы ауруға шалдыққан науқастарға арналған төсек-орынның қамтылу көлемі - 42%, жан сақтау бөліміндегі төсек-орындардың қамтылу деңгейі - 28%.

Өткен тәулікте 2076 адамнан коронавирус анықталды
Оралда аттракционнан ақау шығып, сегіз бала зардап шекті (видео)
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу