Миллионер болғым келмейді...

Oinet.kz 13-05-2021 801

Screenshot_5.jpg

Ақшаң  болмаса сені  ақылды санамайтындар бар . Американдықтар : "Ақылды  болсаң, неге ақшаң жоқ? "- дейді.

Байлық  адамдарға әрдайым қуаныш  әкеледі деген бос әңгіме. 

Ресейде бір кездері Борис  Березовский деген миллионері болғанын жұрт  жақсы біледі. 

Ол аты шулы   "Совершенно секретно" журналына берген  сұқбатында :

"Байлық сізге неге керек?  деген сұраққа ол былай деп жауап берген.

"Байлық билікке қол жеткізу үшін керек "- деді.  " Билік сізге не үшін қажет? - деген сұраққа ол:

"Билік ақша жасап, байлыққа қол жету үшін ," деген пәлсапасын айтты.

Сол Б.Березовский Ресейдің президенті  Борис Ельциннің  тұсында  кадрлық, саяси мәселелерді  астыртын шешетін  саяси тұлғаға айналды. Ақша мен биліктің құдіреті қандай болатынын ол осылай көпшілікке  түсіндіріп қойды. Ресейдегі көптеген телеарналарының  қожайыны осы қалталы азамат еді.

Талантты Ресей тележурналисі,  қазіргі күнге  дейін көптеген телебағдармалары өз  өміршеңдігін  жоғалтпаған Владислав Листевтің тосын  өлімін осы Березовскийді ісі деп санайды.

Бұл миллионер  қылмыс әлемінің сергелерімен де жиі  ауыз жаласқаны белгілі. Қылмыс әлемінің серкесі лақап аты  "Силвестердің" көлігіне жарылғыш зат қойып, көзін жойған осы Березовский  деген әңгіме  бар.

Ресей мемлекетіне  Владимир Путин президент болып сайланған соң, мұндағы көптеген  миллионерлер- дің басына қара бұлт үйірілді. Көбісі мемлекеттің қаржысын талан- таражға салған  ұры - қары атанып шыға келді.

Михаил Ходорковский , Березовскийлердің соңына "билік машинасы"  шам алып түсті. Қанша айтқанмен аты шулы  КГБ-ның шекпенінен шыққан президент Путинге  қалталы байлар   өз өктемдігін жүргізе алмай қалды. Бұл жердегі бас ауырудың түпкі себебі-  елді тонаудан жиналған  миллиондар мен миллиард қаржылар еді. Сонан соң  құны қымбат кезінде жекешелендіріп алынған мемлекет  нысандары. Соны мемлекетке  қайтарғысы келмеді.

Борис Березовский сол кездегі Президент Әкімшілігі аппаратының басшысы Волошинмен бірге ел басшысымен кездеседі. : "Путин менімен кездесіп, телеарналарда бар үлесімді  мемлекетке қайтаруымды талап етті" - деп еске алады Березовский. Бұл президент қойған  талапққа көнбеді. Қудалау басталды. Ол Англиядан саяси баспана алып, қашып кетті. 

Бұл жерде де тыныш өмір  болмады. Соттасты, оттасты. Қалтасында көк тиыны қалмай ақыры өз хансарайында асылып өлді. Тіпті оны Израйлдің ең мықты агентурасы 

"Моссаттың" оққағар тыңшылары да қорғай алмады. 

Дүниеге құныққан миллионердің тағдыры осылай аяқталды.

Тура осыған  ұқсас жағдай  біздегі елші болған  Рахат Әлиев пен Мұхтар Әблязовтың басынан да өтті. Еркетотай күйеу бала Рахаттың жекеменшік банкісі, газеті мен телеарналары, қант бизнесі болды.

Сол байлығынан айырғысы келмей  жанталасып өтті.  Оның  саяси билікке  ықпалы 

Б. Березовскийден кем болған жоқ." Нұрбанктегі"  екі банкирдің  өлімі, саясаткер Алтынбек Сәрсенбаевтың жүргізушісімен қоса  оққағарымен ажал құшуы  осы Рахаттың ұйымдастыруымен  болды. Оны тергеу анықтап, сот үкім шығарды.

Рахат Әлиевке елде  мемлекеттік төңкеріс жасамақ болды деген айып тағылып,  отанын сатқан опасыздар қатарына қосылды. Ұзақ мерзімге сырттай  соттап жіберді.

Рахат Әлиев те Б.Березовскийдің кебін киді. Шетелге қашып кетіп, түрмеге қамалып, сонда өзіне өзі қол жұмсап, асылып өлді.  

"Шахматшы" деген лақап аты бар  Мұхтар Әблязов те қазақстандағы ең бай миллионер, банкир, министр болды. Ол да ақша жасады,  билікке ұмтылды. Саясат сахнасында оңбай сүрінді. Түрмеге  түсті, сотталды, ақталды, кешірім сұрады, рақымшылдық жасалып, ақыр соңы  Б.Березовский паналаған елге қашып кетті. Саяси баспана алды. 

 Марқұм банкир Ержан Тәтішовты  киллер жалдап,  тапсырыспен өлтірді деген айып тағылып, сырттай  Мұхтар Әблязов сотты болды.   Елден 10 миллиардтай доллар қаржыны жымқырған деген ұры атанды. Өзі  "саясаттың құрбанмын" деп әлі күнге дейін сайрап жатыр.

Бір қызығы,  осы миллиондаған, миллардттаған қаржыны  құйтырқы жолмен жымқырғандар  еш жерде  қарапайым халыққа, не жетім -жесірге бір тиын беріп, қол ұшын созбаған белгілі 

Қазақ байлары Рахат, Мұхтар сияқты  сараң, жемқор, алаяқ, мансапқор, дүниеқоңыз болып келетіні жасырын емес.

Бірақ , әрдайым халықтың жағдайын жақсарту керек - деген жалаң ұрандарына елді сендіргісі  келеді. Нағыз елдің  жанашыр "молдасы" дерсің.

Енді американың миллионері, өнертапқышы Стив  Джобстың өкінішіне тоқталсақ.  Ол ешқашан билікке ұмтылып, саясатқа араласқан кәсіпкер  емес. Президент кездесуге шақырса қашып жүрген магнат еді. 

Ол күнделікті мен жиі айтатын ДЕНСАУЛЫҚ  ДЕГЕН ҰЛЫ БАЙЛЫҚҚА ҚОЛ ЖЕТКІЗЕ АЛМАЙ КЕТТІ.

Миллиондары мен миллиардтары шыбын жанын сақтап,  алып қала  алмады.

"Мен бизнес әлемінің шыңына шыға алдым. Мен өз жетістігім мен өмірімнің табыс көзін басқаларға таңқаларлықтай жеткізе алдым. Бизнесімді есептемегенде менің ЖЕКЕ ӨМІРІМ БАҚЫТТЫ  БОЛҒАН ЖОҚ,"  - деп өкінді ол.

Ең соңында байлық, ақша, дәулетке  мас болғанымды түсіндім. Өмірімнің мақсатына айландырып, адасқанымды білдім.

Мен қазір аурухананың төсегінде таңылып, өткен өмірімді көз алдыма  елестетіп жатырмын.Ажал аузында жатқанда менің жеткен жетістігім, байлығым бизнестік мақтанышымның құны мәні мен мен сәні түкке татымайтынын түсіндім-, деп ол жылармен халге түсті.

Адам болумен адамша өмір сүрудің арасында үлкен айырмашылық бар, мұны түсіне білетін жандар санаулы - деген өсиетін айтты.

"Біреуге мал қайғы, біреуге жан қайғы " дегендей жағдай орын алды.

Қазақ байлары тоңып емес, тойып секірді. Соның зардабын тартты. Алла тағала Құранда " Әр пенде өзі жасаған күнәларының сазайын тартады " ,-дейді. 

Сол айна қатесіз келетінін байлар ұға бермейді-ау деймін. Мен сондықтан миллионер болғым келмейді...

Балтабек Түйетаевтың Facebook парақшасынан

Желі қолданушысы арендаға өте қымбатқа беретіндерді қатаң сынға алды
Айтыста қатты айтып жібердім, артынша Елбасы шақырды - Жандарбек Бұлғақов
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу