ОҚМПУ үздік үштікке енді

Oinet.kz 20-05-2021 1052

Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университеті  білім берудің екі бағыты бойынша тәуелсіз агенттік рейтингісінің үштігіне енді.

Screenshot_18.jpg

Университет аккредиттеу мен рейтингті анықтайтын тәуелсіз агенттіктің сараптамасы бойынша Қазақстан жоғары оқу орындарының “ТОП-20” бас рейтингісінде 9-орынды, педагогикалық жоғары оқу орындарының арасында 3- орынды иеленді. Оқу ордасы сондай-ақ бакалавриат білім беру бағдарламаларының бағыттары бойынша институционалдық рейтингте 3-орынға тұрақтаса, докторантура білім беру бағдарламаларының бағыттары бойынша 8-орынға көтерілді. 

Сараптаманы жүргізген НААР/IAAR рейтингтері жоғары оқу орындарының білім беру бағдарламаларын еңбек нарығының өзгермелі жағдайларына бейімделуін және білім беруді жаңғыртудың ұлттық бағдарламаларын іске асыруға үлес қосу қабілетін көрсетеді. Агенттік мұндай зерттеулерді 2014 жылдан бері өткізіп келеді. Сараптама нәтижелері  жоғары білім алғысы келетіндер үшін ғана емес, жұмыс берушілер, мемлекет және академиялық қауымдастық тарапынан да сұранысқа ие. Өйткені жоғары оқу орындарындағы білім беру сапасы туралы агенттік ұсынған ақпараттар үнемі қолжетімді және сенімді деректерге негізделген.

Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университеті білім сапасын арттыру еліміздің стартегиялық дамуындағы басым бағыт екенін негізге ала отырып, педагогикалық білім беру ісін мейілінше жақсартуға ерекше көңіл бөліп келеді. Бұл жолғы жетістік - университеттің осы бағыттағы ізденісі мен талпынысының жемісі!

Кәсібінің нәсібін көргендер: Түлкібаста кәсіпкерлік кең қанат жайып келеді
Білім мен бірліктің дамуы
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу