Дариға Назарбаева елордада жаңадан ашылған саябақта тұрғындармен сөйлесті

Oinet.kz 27-05-2021 2374

ҚР Тұңғыш Президенті — Елбасы мұражайы ғимаратының жанындағы саябақ аймағы жаңа спорт алаңдарымен және демалыс аймақтарымен толықты.

image.png

Саябақ Елорда тұрғындары мен қала қонақтарының сүйікті демалыс орнының бірі. Мұражай ғимаратының жанында балалар ойнайтын жаңа заманауи алаңдар, сахна алаңы, "Workout" алаңы, 3 стритбол алаңы бар. Олардың салынуына Нұрсұлтан Назарбаев Қоры мұрындық болған.

Нысандардың ашылу құрметіне орай бүгін мерекелік бағдарлама өтті, шығармашылық топтардың, аниматорлардың қатысуымен би мен ойын-сауық ойындары ұйымдастырылды.

Нұрсұлтан Назарбаев Қорының директоры Дариға Назарбаева, "Nur Otan" партиясы Төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбек жаңа демалыс орындарын аралады. Тұрғындар мен қала қонақтары олармен жақсы әсерлерімен бөлісті.

image.png

— Бұл өте жайлы жер екен. Ұзақ серуендей бергің келеді. Балалар да көңілді. Мұндағы ерекше субұрқақтар мен ойын алаңдары адамды өзіне баурайды, — дейді қала тұрғыны Айнұр Жақыпова.

— Қарағандыдан әпкеме қонаққа келгем, ол осында серуендеуді ұсынды. Бұл жер маған ұнады. Мұнда бәрі ыңғайлы әрі әдемі. Әртүрлі алаңы бар саябақ балаларға да, спортсүйер қауымға да, қарттарға да ұнайды деп ойлаймын, — дейді әсерімен бөліскен Ләззат Аманбаева.

image.png

Бүгінде саябақ салудың бірінші кезеңі аяқталды. Балалар мен ересектердің бос уақытын тиімді өткізуіне барлық жағдай бар. Абаттандыру жұмыстары жалғасады. Екінші кезеңде ағаш отырғызу жоспарланған, арнайы вело және жарыс жолы жасалады. Қыс мезгілінде аумақта мұз айдыны мен шаңғы трассасы пайда болады.

Алексей Цой экс-министр Біртанов туралы пікір білдірді (видео)
Елбасына ескерткіш орнату туралы идея ұнамады
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу