«Жаңа Үкімет құрыңыз» Мұхтар Тайжан Президентке талап қойды

Oinet.kz 17-06-2021 6591

Қоғам белсендісі Мұхтар Тайжан Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқавқа талап қойды. Ол Президентке жаңа Үкімет жасақтауды ұсынды. Бұл туралы ол Facebook парақшасында жазды деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі.

Screenshot_6.jpg

"ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ, ХАЛЫҚ СЕНЕТІН ҮКІМЕТ ҚҰРЫҢЫЗ!

Ауыл шаруашылығына арналған аумағы өте үлкен ел Қазақстанда сәбіздің құны  735 теңгеге жетіп, 1,5 доллар құрап отыр. Және бұл -  мемлекеттік сбсидиялар жылдар бойы құйылып жатырған саладағы жағдай. Жайылым жоқтығынан мал аштан өліп, көтерем болып, қоқыс, картон жеп жатыр! Және бұның бәрі мың жылдар бойы мал баққан көне көшпенділер елінде орын алып отыр!

Бұл – соңғы жылдардағы экономикалық саясаттың қаншалықты сорақы екенінен шынайы да тура хабар беретін көрсеткіш. Бабаларымыздан мұра болып қалған, келешек ұрпаққа тиесілі ұлттық қорымыз  сарқылуға жақын тұр. Өткен жылы сол жылы түскеннің 96 пайызы жұмсалып кетті. 

Енді үкімет азық-түлік бағасын әкімшілік жолмен реттегісі келеді ) Онда Мемлекеттік жоспар жүйесін енгізіп, барша экономиканы мемлекет меншігіне өткізіңіздер! Бұл – адамның күлкісін келтіретін: «пойыз, тоқта, бір-екі!» деген анекдот қой ) Нарықтық экономикада бағаны – бұйрық, жарлықтармен емес, ұсынысты көбейту арқылы  түсіретінін естімеп пе едіңіз? 

Экономикамыздың барша саласын тұралатып, жоғарыда баяндалған күйсіз нәтижеге жеткізген кландар мен олигархтық топтармен байланыс-шатысы жоқ адамдар Үкіметке кіруі тиіс екеніне бек сенемін. 

Өз басым халық алдында жауапкершілік арқалап, елімізді экономикалық дағдарыстан шығаруға әзірмін!" - жеп жазды Мұхтар Тайжан.

Жанар Айжанова 30 жыл бірге келе жатұан достарының фотосын жариялады
Түркістанда өткен айтыста әкім жеңімпазға Kia Rio көлігін сыйлады
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу