Ордабасыдағы мектеп директоры қандай себеппен қызметтен кеткені белгілі болды

Oinet.kz 19-06-2021

Бүгін Ордабасы ауданындағы Шерімқұлов мектебінде Түркістан облыстық Білім саласын қадағалау департаменті мен Ордабасы аудандық адам әлеуетті дамыту бөлімінің біріккен алқа кеңесі өтті. Алқа кеңесінде аталмыш мектептегі директор орынбасары Ұлжан Елмұратованың әлеуметтік желіге тараған бейәдеп сөздеріне қатысты талқылау болды. Бұл туралы журналист Ұлықбек Үмбет Facebook парақшасында хабарлады.

1623853672569.jpg

Журналист зейнеткерлікке шығуға аз уақыт қалған мектеп директоры Өмірзақ Ақбөпеге расында обал болғанын жазды. Себебі ол қызметінен босатылды.

"Алқа отырысы бір ауыздан шешім қабылдады. Зейнеткерлікке шығуға аз уақыт қалған  мектеп директоры Өмірзақ Ақбөпеге расында обал болды. Ол кісі алқа шешімімен жұмыстан шығарылды. Бұдан кейін боқтайтын біреу оның кінәсі не деген сұрақ туындауы мүмкін. Себеп көп. Алқа отырысында келтірілген дәлелдерге сүйенсек жұмыста жіберілген кемшіліктер шаш етектен. Қарапайым ережелер орындалмай адамдарды жұмысқа қабылдай берген. Еңбек келісім шарттары кейбірімен түзілмеген. Бұйрықтарға қол қойылмаған. "Анау айтқан соң, мынау айтқан соң жұмысқа қабылдадым" деген дәлелсіз сылтауларды директор алға тартты. Бірақ басшы ретінде құжатты дұрыстамаған.

Өмірзақ Жақсыбайұлы кінәсін мойындағанымен, өз еркімен жұмыстан кетуден бас тартты. "Жаңа жылға дейін рұқсат беріңіздер, одан кейін өз еркімен жұмыстан кетем",- деген директордың өтініші қанағаттандылмады.

Осылай жұмыста салғырттыққа жол берген директор, әріптестерінің алдында жерге қарады. Бәлкім ол мамандарына сенген шығар, Бірақ заңды білмеу жауапкершіліктен құтқармайтынын кеш білген секілді. Бұрында шара көрілген директор жұмыстан шығарылды" - деп жазды Ұлықбек Үмбет.

Screenshot_1.jpgЕске сала кетейік, әлеуметтік желіде әлдекімді аяусыз балағаттаған әйелдің видеосы тараған болатын. Кейіннен белгілі болғандай, бұл әйел Ордабасы ауданындағы А.Шерімқұлов атындағы мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары болып шықты.

Бадамдық ұстаз «завуч» болғаны үшін директорға 200 мың теңге бергенін айтты
«Үйде аяулы анамын, боқтамаймын» - Тәрбие «завучы» жылап кешірім сұрады


Сәйкес тақырыптар
Көтерілу
×