«Адам шошырлық»: Алматылық мұғалім білім саласындағы бар былықты жайып салды

Oinet.kz 22-05-2023 7122

Алматылық ұстаз Қазақстандағы білім сапасы сын көтермейтінін айтып, жанайқайын жеткізді. Мұғалім биліктегі білім саласына шенділерді ойланып, жүйені ретке келтіруді талап етті. Айтуынша елімізде білім сапасы төмен, оқулықтар адам шошырлық жағдайда, деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі Caravan.kz медиа-порталына сілтеме жасап.

Screenshot_5.jpg

Алматылық мұғалім жанайқайын желідегі парақшасында жеткізді.

«Алматыда мұғалім болып жұмыс істеймін, жұмыстан шықтым. Мұғалім екенім белгілі шығар, шашым бәрі тікірейіп кетіпті. Бір мұғалім бүгін отбасымен Англияға кеті бара жатыр. Мен мына жұмыстан шаршадым дейді. Не тұрақтылық, не береке жоқ дейді. Ипотека, кредиті, автонесиесі бар. Қиналып кеттім дейді, шынымен-ақ не істеп жатырсыздар? Жоғарыда билікте отырған адамдар? Не болып кетті мынау? Аттестацияның түрі анау, білімнің сапасы, кітаптың түрі анау? Бағдарламаның түрі анау, адам шошырлық. 36 апта оқып, 34 тақырып жазылған. 25 мамырдан 31-іне дейін не істейміз біз? Кітаптың бәрі бітті, қазақты жою мақсатымен жасалып жатыр ма шынымен? Менің де істегім келмейді, бұрынғы көзіміздегі от жоқ... Бәрі керемет болып жатыр дейді, бәрі өтірік, бәрі қағаз жүзінде ғана. Нақтылап алатын болсақ тәрбие де, білім де, сапа да төмен. Әйтеуір жаңа мектеп салынды, сендер үшін істелініп жатыр дейді. Бағдарламаны ашыңыздар, кітапты қараңыздар, қатеден қате. Бұрынғыдай шамамен, қызығушылық деген жоқ. Кете бастаймыз, тіпті завучтардың өздері кеткісі келіп отыр. Директорлардың өздері көңілдері толмай отыр. Күзде сағатты теңдей бөлсе, оған 210 мың да емес, 200 мың төлесе... Не үшін жұмыс істейміз біз? Біз де кетеміз, тым құрығанда шетелде 1-2 жыл істеп, кредитімді жабамын», - деп жанайқайын жеткізді мұғалім.

Қазақстандық мұғалімдер әріптестерінің жанқайқайын бірауыздан қолдады. Олар:

«Гүл алса, мұғалім жемқор, баланы тәрбиелеп каттырақ сөйлесең қылмыскерсің, бәлеқорлар фейсбукқа шығарады деп жалтатақтаған мұғалімнің күні құрысын,. Алдыңда шәкіртің тұрады “Менің құқығым”, “Сенің құқығың” деп…Бұрын айлығымыз аз болса да мұғаліммін деп 25 ші мамырды, 1-қыркүйекті күтіп, қуанып , көзімізден от жалындап барушы едік! Ақшамыз аз болса да , қуанып баратын едік… береке бар еді… қазір айлық көтерілген сайын , құны жоқ, мұғалімнің ата ана , оқушы алдында да құны жоқ!», «Бұрынғы кітапты қайтарсыншы, дым мағына деген жоққой қазіргі кітапта, 6-7сыныптың есебін 2 сынып шығарып жатыр қазір масқара ғой» деп жазды олар.

Темірхан Медетбек, ақын: «Қаңтар шындығын Тоқаев айтады деп ойлаймын»
Шымкентте 72 жастағы қария аурухана терезесінен секіріп көз жұмды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу