«Екпе алмағандар гаджеттерді пайдалана алмайды» - желідегі ақпарат елді алаңдатып қойды

Oinet.kz 21-06-2021 1886

Мессенджерлерде таяу болашақта вакциналау төлқұжаты жоқ адамдар өздігінен көлігін оталдырып, дербес компьютерлер мен басқа да жабдықтарды қолдана алмай қалады деген хабар тарап жатыр. Болжам бойынша, вакциналау төлқұжатында "ақылды" құрылғыларды іске қосатын QR код бар. Бұл кодтарсыз гаджеттерді пайдалану немесе көлікті оталдыру мүмкін болмайды екен. Бұл енді таза өтірік, деп хабарлайды stopfake.kz.

Екпе.jpg

QR код, қарапайым тілмен айтқанда, штрихкодтың жетілдірілген нұсқасы. Әдетте, QR кодтар кез келген ақпаратты оқу үшін қолданылады. Осындай жетілдірілген штрих-кодтардың көмегімен тауар немесе қызмет туралы деректерді алуға, құжаттың, іс-шараға немесе қоғамдық көлікке билеттің түпнұсқалығын тексеруге болады.

- Вакциналау төлқұжатында QR код бар. Қазақстандық вакциналау паспорттарында олар құжаттың түпнұсқалығын тексеру үшін қызмет етеді. Еуроодақ елдеріндегі вакцинация паспорттарында адамның қашан, қайда және қандай вакцинамен егілгені туралы маңызды ақпарат берілген. Бұл туралы Еуропалық комиссияның ресми сайтында айтылған, - делінген хабарламада.

Мұндай QR кодтар оқу құрылғыларына зиян келтіре алмайды деп атап өтіледі.

Кодты оқу үшін арнайы қосымшасы бар смартфон немесе интернетке қосылған компьютер қажет. Компьютердегі кодты оқу үшін арнайы сайтқа код кескінін жүктеу керек.

Кодта жазылған ақпаратты қолмен де тексеруге болады, бірақ бұған уақыт кетеді.

- Көлікті басқарудың электронды блогы, компьютер немесе айналамыздағы басқа құрылғылар QR кодты өздігінен тани алмайды. Демек, вакцинацияланбаған адамдар вакцинация паспортының QR-нан туындаған теріс әсерге байланысты автомобильдер мен техниканы пайдалана алмайды деген хабарламалар жалған болып табылады. Бұған ешқандай ғылыми негіздеме жоқ, ал құжаттардағы QR-кодтардың мазмұны құпия емес, - делінген хабарламада.

Түлкібас ауданында ақ халатты абзал жандардың құрметіне дәрігерлер аллеясы ашылды
Бердібек Сапарбаев қанша айлық алатынын айтты
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу