Сәбіз бен картоп бағасының қашан төмендейтіні белгілі болды

Oinet.kz 13-07-2021 768

Сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов картоп пен сәбіз бағасы қашан арзандайтынын айтты, деп хабарлайды Oinet.kz BAQ.KZ-ке сілтеме жасап.

image.png

- Көрші Өзбекстанда да сәбізбен осындай проблема болды. Шын мәнінде, қалыптасқан бағаның бір бөлігі біздің импорттауымыздан пайда болды, өйткені көрші Өзбекстан да, көрші Ресей Федерациясы да сұраныс тудырды. Қазіргі уақытта картоптың бағасы өзгергенін және арзандап жатқанын көріп отырмыз. Күз кезінде ол айтарлықтай түседі деген болжам бар, - дейді Сұлтанов. 

Оның айтуынша, қазір сәбіз бойынша да дәл осындай жағдай қалыптасқан.

Алайда биыл сәбіз бойынша өнім жетіспеушілігі барлық жерде байқалады, оған егіс алқаптарының қысқаруы себеп болды, - дейді министр. 

Айта кетейік, мамыр айының соңы мен маусым айында елде картоп пен сәбіз бағасы қатты көтерілген болатын. Министр бұған дейін мұның себебін былтыр экспорттың рекордтық деңгейге жетіп, елдегі тапшылыққа байланысты туындағанын атап өткен. 

- Биыл картопты төмен бағамен экспорттаудың салдарынан отандық өнім қорлары 3 есе қысқарған (903 мың тоннадан 330 мың тоннаға дейін). Сол себепті Иран мен Пәкістаннан 28 мың тонна қымбат картоп сатып алынды. Оның бағасы отандық картопқа қарағанда үш есе жоғары. Осы мәселені шешу үшін ауыл шаруашылығы министрлігі де, жергілікті атқарушы органдар да тиісті шаралар қабылдамай отыр. Өткен жылы баға картоп экспортына тыйым салу арқылы ғана тұрақтандырылды, - деген болатын Сұлтанов Үкімет отырысында. 

Рейтинг популярности автоматических переводчиков, поддерживающих русский и казахский языки
«Завучтан» озбырлық көрген апа көшеге не үшін шыққандарын айтты (видео)
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу