Тоқаев еліміздегі эпидахуал жөнінде кеңес өткізеді

Oinet.kz 17-07-2021 780

19 шілдеде Президент Қасым-Жомарт Тоқаев еліміздегі санитарлық-эпидемиологиялық ахуал жөнінде жұмыс кеңесін өткізеді. Бұл туралы Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли Facebook желісінде жазды.

Тоқаев.jpg

Жиынға премьер-министр, ведомстволардың басшылары, қалалар мен облыстардың әкімдері қатысатыны айтылады.

- Мемлекет басшысы коронавирус індетіне қарсы күрес жөніндегі шаралар туралы Үкіметтің есебін тыңдайды. Кеңес барысында өңірлердегі жалпы жағдайды жақсартуға және Қазақстан азаматтарының денсаулығын сақтауға бағытталған үйлесімді іс-қимылдар жоспары қабылданбақ, - деп жазды Берік Уәли.

Ақтөбеде ұлы мен қызы үйленбей қалған "құдалар" 2 млн теңгеге таласып жатыр
Шымкент: Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай атқарылған жұмыстар ауқымды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу