Сапарбаев Елбасыға арнап бой көтерген ескерткіш туралы пікірін ашып айтты (видео)

Oinet.kz 22-07-2021 3114

Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаев Түркістан қаласында бой көтерген Елбасының ескерткішіне байланысты өз пікірін жеткізді. Бұл туралы ол Нартай Аралбайұлына берген сұхбаты барысында айтты.

image.png

- Менің өз ойым ол дұрыс. Өйткені, біз болашақты ойлауымыз керек. Өскелең ұрпақ тарихты білу керек. Басқа мемлекеттерде де қойылып жатыр. Ал бізде неге болмасқа. Мен де, сіздер де білесіздер мемлекетіміздің тәуелсіздік алғаны, 30 жылда қалай дамып келе жатқаны, Түркістан туралы барлығын. Осыдан 20 жыл бұрын ештеңе жоқ кезде Түркістанның 1500 жылдық тойы өткізілген. Оның себебі біз бүкіл дүниеге дәлелдеуіміз керек біздің тарихымыздың терең екендігін. Біз баяғыдан қалыптасқан ұлт екенімізді. Көшпенділер сендерде ештеңе болмаған. Не мәдениет, білім не ғылым, не әдебиет деген сияқты. Ал енді қазір қараңыз Түркістанның қалай болғанын - деді Бердібек Сапарбаев.

8 жасар қыздың түсіне кіріп зорламақ болған жігіт сотталды (видео)
Өнерлі отбасы - «Мерейлі отбасы» атанды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу