8 жасар қыздың түсіне кіріп зорламақ болған жігіт сотталды (видео)

Oinet.kz 22-07-2021 6176

Шымкентте апелляциялық сот 8 жастағы қызға азғындық жасады деген 15 жастағы жасөспірімнің ісі бойынша сот үкімін өзгеріссіз қалдырды. Бұл істе кінәлі тарап қана емес, зардап шеккен тарап та жасөспірімді босатуды сұраған, деп хабарлайды "Еуразия Бірінші арнасы".

image.png

Сот жабық тәртіпте өтті. Қызу талқыдан кейін сот залынан сотталушының анасы көзін жасын төгіп шыққан. Ол баласы кінәсіз екенін айтып, тергеушілерді айыптады.

- Бәрін дәлелдедік, сараптама қорытындысын көрсеттік, қызға ешкім тиіспеген. Бірақ сот қорытындыға қарамайды. Шымкентімізде әділдік жоқ. Әл-Фараби полиция бөлімінің жедел уәкілдері маған ескертпестен келіп, баламен сөйлескен. Оны олар алдап, ештеңе етпейді, босатады деп, қол қойғызып алған, - дейді сотталушының анасы Айнұр Әділова.

Оқиға бір жыл бұрын болған. Қыздың отбасы Әділовтердің үйінде бір бөлмесін жалдап тұрып жатқан. Күн ыстықта ересектер ауладағы тапшада ұйықтап жатқан. Оқушы қыз таңертең үй есінің ұлы тиіскенін айтқан. Бірден полиция шақыртылып, бірақ кейін зардап шеккен тарап оқиғаның жалғасы болғанын айта бастаған. 

- Оқиғадан кейін 10 күн өткенде сегіз жастағы қызым көршінің ұлы қайда екенін сұраған. Ол саған тиіскені үшін түрмеге қамалды, ол саған азғындық жасады ғой дедім. Сонда қызым бәрі түсінде көргенін айтты. Көрген түсін бекер айтып бергенін жеткізді. Осыдан кейін тергеушіге барып, арызымды алғым келді. Бірақ арызды алсам, өзім түрмеге 10 жылға қамалуым мүмкін екенін айтты, - дейді қыздың анасы.

Ал адвокат тергеу барысында жасөспірімге қысым көрсетілгенін мәлімдеп отыр.

- Тергеу барысында жасөспірімге қысым көрсетілген. Зардап шеккен қыздың анасы менің қорғауымдағы адамның қылмысы туралы барлық дәлелді жоққа шығарды. Тіпті бірінші сот отырысында ол қызы психологиялық бұзылуы бар екенін мәлімдеген. Қыз ойдан шығарып, өтірік айтқан болуы мүмкін. Дәлел ретінде психдиспансерден анықтама алдық. Зардап шеккен қыз есепте бар және жәрдемақы алады, - деп мәлімдеді адвокат Жарылқап Өмірзақов. 

Апелляциялық сот тыңдауында үш бірдей судья болған. Олар үкімді, яғни бес жылға бас бостандығынан айыру жазасын өзгеріссіз қалдыру туралы шешім шығарған.

- Кәмелетке толмаған жасөспірімге қатысты "Сексуалдық сипаттағы зорлық әрекеттер" бабы бойынша үкім шыққан. Бүгін біз осы істі қарап, тараптардың пікірін тыңдадық. Алқа зардап шеккен тараптың куә сөзі өзгеруіне сенбестік білдірді. Алқа мұндайды сотты алдауға ұмтылу деген қарастырады, - деді қалалық қылмыстық істер сотының төрағасы Ербол Жанғазин.

Сот үкімі күшіне енген соң 15 жастағы бала уақытша ұстау изоляторынан колонияға жіберіледі. Жасөспірімнің ата-анасы полицейлер ісінің заңдылығына қатысты арыз түсіріп, Жоғарғы сотқа жүгінуге ниетті.

«Күйеуі жоқ деп үміттенем» Танымал журналист шенеунікті сабаған әйелді сынға алды
Сапарбаев Елбасыға арнап бой көтерген ескерткіш туралы пікірін ашып айтты (видео)
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу