Ақтөбе облысында мектепте бензин ішіп қойған оқушы, ауруханаға түскен

Oinet.kz 28-05-2026

Ақтөбе облысы Қобда ауданындағы мектептердің бірінде бірінші сынып оқушысы үлкен үзіліс кезінде мектептің жертөлесіне түсіп, сол жерде белгісіз сұйықтықты ішіп қойған, деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі.

Screenshot_4.png

Оқиғадан кейін оқушы қайтадан сыныбына оралған. Ата-анасының айтуынша, мұғалім баладан бензиннің иісін сезіп, не болғанын сұрағанда, бала болған жайтты айтып берген.

Сол сәтте бала өзін жақсы сезінгендіктен, сабақ жалғасып, кейін ол үйіне жіберілген. Мұғалім жағдай туралы ата-анасына хабар берген.

Алайда үйге барған соң оқушының жағдайы күрт нашарлаған. Бала бірнеше рет құсып, шұғыл түрде аудандық ауруханаға жеткізілген. Дәрігерлер оның асқазанын жуып, кейін әрі қарай ем алу үшін Ақтөбе қаласындағы медициналық мекемеге жолдаған.

Денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, қажетті медициналық көмек дер кезінде көрсетілген. Облыстық балалар ауруханасында бақылауда болған баланың жағдайы тұрақтанып, қазіргі таңда өміріне қауіп жоқ. Ол үйіне шығарылған.

Оқиғадан кейін аудандық білім бөлімі тарапынан қызметтік тексеріс жүргізілген. Нәтижесінде мектеп директоры, шаруашылық ісі жөніндегі орынбасар және педагог-ассистент тәртіптік жауапкершілікке тартылды.

Дегенмен, оқушының ата-анасы қабылданған шараларды жеткіліксіз деп санап отыр. Осыған байланысты білім басқармасы жанынан қосымша комиссия құрылған. Сондай-ақ туыстары оқиғадан кейін мектеп тарапынан ешкім кешірім сұрамағанын айтты.

Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путинді салтанатты қарсы алу рәсімі өтті
Айдарға кіру
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу