Оқу жылының соңында студенттерге есірткінің заңсыз айналымына қатысудың құқықтық салдары туралы еске

Oinet.kz 29-05-2026

Оқу жылының аяқталуына орай, Халықаралық нашақорлыққа қарсы күрес күніне арналған айлық іс-шараның өткізілуі кезеңінде шымкенттік полицейлер тағы да студенттермен кездесіп, оларға есірткінің заңсыз айналымына қатысудың құқықтық салдары және нашақорлықтан аулақ болудың маңыздылығы туралы ескертті.

1000611995.jpg

Бұл жолы олар үкіметтік емес ұйым өкілдерімен бірге М.Әуезов атындағы Оңтсүтік Қазақстан зерттеу университетіне барып, нашақорлықтың, психикалық белсенді заттарды қолданудың алдын алу мақсатында студенттермен арнайы кездесу өткізді.

Жастарға есірткінің заңсыз айналымына қатысудың құқықтық салдары, жаңа психоавтивті заттардың таралуы жөнінде толыққанды мәліметтер беріп, одан аулақ болып, салауатты өмір салтын ұстанудың маңыздылығын атап көрсетті.

Сонымен қатар, интернет-дүкендердің әкімшісі болу және есірткі жасыруға қатысқаны үшін қылмыстық жауапкершілік белгіленгені туралы ескертті.

Іс-шара соңында студенттер көкейлеріндегі жүрген сұрақтарын қойып, кеңінен жауап алып, өзара еркін пікір алмасты.

Ақтөбе облысында мектепте бензин ішіп қойған оқушы, ауруханаға түскен
Халықаралық нашақорлыққа қарсы күрес күніне орай танымдық экскурсия ұйымдастырылды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу