Мұрат Әбеновтің анасы дүниеден озды

Oinet.kz 22-07-2021 1980

Белгілі қоғам қайраткері Мұрат Әбеновтің анасы дүниеден озды.

Screenshot_7.jpg

Қаралы хабарды Әбеновтің өзі Facebook желісінде жеткізді. 

«Анамыздан мәңгіге айырылып қалдық. Ойламаған жерден. Бес күн бұрын көрген едім Алматыға барғанда. Барлығы жақсы тек сол баяғы аяғым сырқырағаны болмаса. Басқа жерім аман деп еді... 

Кеше ғана бала немере ортасында әңгіме айтып, жақсы көңіл күйде отырған мамамыз. Сол үйдегі дастархан басынан інілерім арқылы сәлем жолдады. "Барлығымыз бірге сүретке түсіп Мұратқа жіберейік Астанаға, көріп отырсын" - деп өзі бастама жасаған екен. Ана жүрегі балада деген ай... Ал бүгін 11-ден өте осындай ауыр хабар келді. Демалып жатқан екен... Амал қанша. Қызылордаға, елге апарамыз әкеміздің қасына. Папамызды тура 10 жыл бұрын шығарып салып едік. 

Ол кезде әкем 81 келген кезі, анам 83 те. Асықпай қасымызда қызықтарымызды көріп жүреді деп армандап едік...

Құрметті ағайын, туысқан, достар әріптестер! Бұны жазып жатқан себебім көп кісілер хабарласып жатыр. Көңілдеріңізге ризамыз. Жақындарымызға жеткіземін. Барлықтарыңыздың дендеріңізге саулық тілей отырып, кәзіргі жағдайға байланысты шектеу ережелерді сақтау қажеттілігін түсінеміз дегім келеді. Алдаңы ауқытта тек жақсылық болсын. Құрметпен Әбеновтер әулеті!», - деп жазды ол. 

Өндірістік қауіпсіздігі, еңбек жағдайлары және еңбекті қорғау туралы семинар-тренингі өтті
«Қызмет» салалық кәсіподағының қатары артып келеді
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу