«Қызмет» салалық кәсіподағының қатары артып келеді

Oinet.kz 22-07-2021 436

Шымкент қаласының цифрландыру басқармасының «Шымкент қаласының ситуациялық орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі ұжымының мүшелерімен «Қызмет» салалық кәсіподағы Шымкент қалалық филиалының қызметкерлері Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексі, «Кәсіптік одақтар туралы» заңы бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, 2021 жылғы 6 айдағы Шымкент қаласындағы кәсіпорындардың ұжымдық шарт жасасуы, кәсіпорындардағы жалақы қарыздары және орын алған жазатайым оқиғалар жөніндегі ақпараттармен таныстырды. 

Screenshot_3.jpg

Нәтижесінде, Шымкент қаласының ситуациялық орталығынан бастауыш кәсіподақ ұйымы ашылып, мекемеде жұмыс жасап жатқан 42 адам немесе 100% жұмыскерлер кәсіподақ мүшелігіне тартылды.

Кәсіподақ ұйымының жалпы жиналысында кәсіподақ ұйымының төрайымы болып Дидар Оразбекқызы Мақашова және тексеру комиссиясының төрайымы болып Тоғжан Маратқызы Әбіш сайланды.

Шымкент қаласының ситуациялық орталығы кәсіподақ ұйымының төрайымы Дидар Оразбекқызы Мақашова және «Қызмет» мемлекеттік, банк мекемелері және қоғамдық қызмет көрсету қызметкерлерінің салалық кәсіподағы» қоғамдық бірлестігі Шымкент қалалық филиалының төрағасы Серік Елемесұлы Әуесханов арасындағы өзара қарым-қатынастар жөніндегі келісім-шартқа қол қойылды. 

Сонымен бірге жұмыс беруші тарапынан орталықтың басшысы Азат Ермекбайұлы Амиртаев және жұмыскерлер немесе қызметкерлер (кәсіподақ) тарапынан кәсіподақ ұйымының төрайымы Дидар Оразбекқызы Мақашова жалпы жиналыста қабылданған ұжымдық шартқа қол қойып, оны Шымкент қаласының мемлекеттік еңбек инспекциясы басқармасынан тіркеуден өткізді.

Кәсіподақ орталығының баспасөз қызметі

Мұрат Әбеновтің анасы дүниеден озды
Қауіпсіз еңбек жағдайын қамтамасыз ету қажет
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу