Түркістан: Сайрам ауданында екпе салдырушылардың қатары артып келеді

Oinet.kz 23-07-2021

Сайрам ауданында 7 екпе егу пункті бар. Жалпы 29 егу бригадасы жұмыс істейді. Жұмыс тобында дәрігер, вакцинатор, тіркеуші бар. Сонымен қатар, үйінен шыға алмайтын тұрғындар үшін айданда 8 жылжымалы бригада ұйымдастырылған. Олар сайрамдықтардың үйлеріне барып, екпе егу жұмыстарын жүргізеді. Барлық мамандар екпе егу бойынша арнайы дайындықтан өткен. Жылжымалы бригадаларға көлік бекітілген. 

image.png

Бұдан бөлек,ауданда екпе құтыларын сактауға арнайы қойма ұйымдастырылған. Онда құтыларды сақтауға жане тасымалдауға 2 стационарлы мұздатқыш, 5 рефрижератор мен термоконтейнер бар.  Егу тіректерінің әрқайсысы 1 мұздатқыш камерасы бар тоңазытқыштармен қамтамасыз етілген.

Сайрам ауданында 49 480 адамға екпе егу жұмыстарын жүргізу жоспарланған болса, бүгінгі күнге дейін, 1- компонентпен 31 430 адам, 2- компонентпен 19 562 адам қамтылып отыр. Ауданда екпе салдырушылардың қатарының артуы байқалады.

Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі

Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай спорт түрлерінен спартакиада өтті
Денсаулық сақтау министрлігі өкілдерінің эпидахуал туралы есебі басталды


Сәйкес тақырыптар
Көтерілу
×