Петропавлдық отбасыда 17-ші сәби дүниеге келді

Oinet.kz 26-07-2021 1257

Қазақстанның солтүстік өңірінде 15 балалы отбасы тұрады. Көпбалалы Павел және Татьяна Култышевтар бүгінде он алтыншы нәрестелерін күтіп жүр, деп хабарлайды Oinet.kz Sputnik Қазақстанға сілтеме жасап. 

семья.jpg

Петропавл қаласында тұратын Култышевтар отбасында он жетінші нәресте өмірге келді деп хабарлайды Sputnik Қазақстан. 

Қуанышты жаңалықты отағасы Павел Култышевтың өзі хабарлаған. 

- Шілде айында отбасымызда он жетінші бала - ер бала дүниеге келді. Оны Давид деп атадық, - дейді Павел. 

Бұл Култышевтар отбасындағы оныншы ұл, сондай-ақ Павел мен Татьянаның жеті қызы бар. Одан бөлек, бақытты отбасы тағы бір қуанышты жаңалықпен бөлісті. Ерлі-зайыптының үлкен қызы Инна тұрмысқа шыққан. 

«Вакцинаның пайдасын кеш түсінеді» - дәрігерлер жансақтау бөлімін көрсетті – видео
Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу