Түркістан облысы вакцина салдыру бойынша республикада алдыңғы қатарға шықты

Oinet.kz 17-08-2021 538

Түркістан облысында 662 мың адам коронавирус індетіне қарсы вакцинаның 1-компонентін, 545 мың азамат 2-компонентін қабылдаған. Осындай көрсеткішпен вакцина салдыру бойынша өңіріміз республикада Алматы қаласынан кейін екінші орында. Мамандар осылайша тұрғындардың ауқымды түрде екпе салдырып жатқанын жоспарға сай егу бригадаларын құрып, жүйелі түрде насихат жұмыстарын жүргізуімен байланыстырады.

image.png

Өңіріміздегі екпе егу жұмыстары аудан қалалардағы емханаларда және жылжымалы вакцинациялау пукнтерінде жүргізіліп жатыр. Яғни, арнайы топ шалғай жатқан ауылдардағы үй-үйді аралап, азаматтарға ерікті түрде коронавирусқа қарсы профилактикалық шаралар жасауда. Бүгінде облыс аумағында 237 дәрігер, 252 орта буын қызметкерлерінен құралған 80 егу бригадасы жұмыс істейді.

 Сондай-ақ, аймақта азаматтарды коронавирустық инфекцияға қарсы вакцинациялау бойынша ақпараттық арнайы медиа жоспар әзірленген. Осыған байланысты бүгінге дейін 41 460 (плакат) ақпараттық материал дайындалған, 93 000 парақша таратылды. Одан бөлек, телеарналар және әлеуметтік желілер арқылы 207 бейнеролик пен сюжет көрсетіліп, 122 баспада мақалалар жарияланды.

image.png

Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі

Қала әкімі орталық су спорт кешеніне барды
Тоқаевтың Корея Республикасына мемлекеттік сапары басталды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу