Желіде ұшаққа отырған ауғандардың жаншошырлық суреті тарап кетті (фото)

Oinet.kz 17-08-2021 2003

Желіде адам толып отырған ұшақ бортынан сурет жарияланды, бұл ұшақ америкалық эвакуациялық әуе кемесі делінеді, деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі.

Айғанстан ұшақ.jpg

Суретті Пентагонның баспасөз қауымдастығы вице-президенті Маркус Вайсгербер Тwitter желісінде жариялады. Кадр 15 тамызда кешкі уақытта түсірілгені айтылады.

Суретте Ауғанстаннан АҚШ-қа ұшатын америкалық көлік ұшағының салоны бейнеленген. Бастапқыда адамдарды бұлайша бортқа алу жоспарланбағаны атап өтілді, бірақ елден кеткісі келетін ауғандардың ағынын тоқтату мүмкін болмапты. Нәтижесінде, Вайсгербердің айтуынша, ұшақ салонына шамамен 640 босқын жиналған.

Соңғы тәулікте 6 869 адамнан коронавирус анықталды
АҚШ ауған босқындарына көмек ретінде 500 млн доллар бөледі
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу