Тоқаев БҰҰ өтінішін қабыл алды - UNAMA қызметкерлері мінген ұшақ Алматыға қонды

Oinet.kz 19-08-2021 596

Алматы әуежайы 18 тамызда түнде бортында БҰҰ қызметкерлері бар Ауғанстаннан келген ұшақты қабылдады, деп хабарлайды Oinet.kz.

Тоқаев.jpg

- Ауғанстандағы ішкі саяси ахуалдың шиеленісуіне байланысты Біріккен Ұлттар Ұйымы (БҰҰ) өзінің Ауғанстанға жәрдем көрсету жөніндегі миссиясын (UNAMA) және АИР-да аккредиттелген БҰҰ-ның басқа да агенттіктерін Алматы қаласына уақытша орналастыру туралы Қазақстанға өтініш білдірді. Қазақстан мен БҰҰ-ның жан-жақты өзара іс-қимылы рухы шеңберінде және осы ұйымның толық құқықты мүшесі ретіндегі міндеттемелері аясында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев БҰҰ өтінішін қолдау туралы шешім қабылдады, - делінген ҚР СІМ баспасөз қызметінің Тelegram-дағы хабарламасында.

Алматыда UNAMA мен БҰҰ-ның басқа да агенттіктері кеңселерінің орналасуы мен одан арғы қызметі Ауғанстандағы жағдай тұрақтанғанша алты айға уақытша жалғасатын болады деп күтіледі. Қызметкерлерді орналастыруға, кеңсе жалдауға және тағы басқа барлық шығындар БҰҰ бюджетінен толық қаржыландырылатындығы да хабарланды.

Айта кетсек, БҰҰ-ның 200-ге жуық өкілі Қазақстанға уақытша қоныстануды жоспарлап отыр.

Соңғы тәулікте 7337 адамнан коронавирус анықталды
Бүгін Елбасының қызы Динара Құлыбаеваның туған күні
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу