«Орындалған арман» - Роналду «Манчестер Юнайтедке» оралуы туралы

Oinet.kz 01-09-2021 762

Португалиялық шабуылшы Криштиану Роналду "Манчестер Юнайтедке" оралу туралы арманы орындалғанын айтты, деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі.

Криштиану Роналду.jpg

- "Мені танитындардың бәрі "Манчестер Юнайтедке" деген шексіз махаббатым туралы біледі. Мен ойнаған жылдар және бірге жүріп өткен жол клуб тарихында алтын әріптермен жазылған. Дәл қазір Олд Траффордқа қайтатынымды бүкіл әлемде жариялағанын көріп, сезімімді сөзбен айтып жеткізе алмай отырмын. Бұл орындалған арман сияқты. Мен тіпті қарсылас ретінде келгенде де, әрқашан жанкүйердің сүйіспеншілігі мен құрметін сезінетінмін. Бұл армандардың 100 пайыз орындалуы! Мен өз орныма оралдым! Тарих тағы бір рет жазылады! P.S. Сэр Алекс, бұл сіз үшін ..." - деп жазды Роналду Instagram-парақшасында.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Cristiano Ronaldo (@cristiano)

Енесіне әзілдеп ұрысқан Жахан көпшілікті күлкіге қарық қылды (видео)
Бүгін Президент Қазақстан халқына арналған Жолдауын жариялайды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу