Мәдениет қызметкерлері, кітапханашы, көлік жүргізушілерінің жалақасы көтеріледі

Oinet.kz 01-09-2021 1362

Қасым-Жомарт Тоқаев кітапханашы, мұрағатшы, көлік жүргізушілерінің жалақысы өсетінін айтты. 

Screenshot_1.jpg

“2020 жылдан бастап 620 мыңнан астам педагогтар мен мұғалімдердің, әлеуметтік сала қызметкерлерінің жалақысы өсті. Бірақ бюджеттен қаржыланатын өзге де сала қызметкерлері бұдан тысқары қалды. Бұлар: мәдениет қызметкерлері, мұрағатшылар, кітапханашылар, техникалық қызметкерлер, қорықшылар, көлік жүргізушілері және басқалар. Сондықтан 2022-2025 жылға дейін мемлекет осы санаттағы қызметкерлердің жалақысын жыл сайын орта есеппен 20 пайызға өсіретін болады. 600 мыңға жуық қызметкер осы бастаманың игілігін көреді”, – дейді президент.

Еске салсақ, бүгін 1 қыркүйекте ел президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдау жасады.

Жолдаудың музей қызметкерлері үшін маңызы зор
Бір топ әйел Ұлжан Елмұратованың қызметке келуіне қарсы болып шу шығарды (видео)
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу