Өңір руханиятындағы өзекті мәселелер талқыланды

Oinet.kz 03-09-2021 844

Screenshot_18.jpg

Бүгін Шығыс Қазақстан облыстық Мәдениет басқармасының басшысы Нұрболат Қадырұлы Ахметжанов Қазақстан Жазушылар одағы Шығыс Қазақстан облыстық филиалының төрағасы Әлібек Қалиұлы Қаңтарбаевпен кездесті.

А.С. Пушкин атындағы облыстық кітапханада кездесуде өңір руханиятындағы өзекті мәселелер талқыланды. 

Жүздесу барысында облыс әкімі Даниал Кенжетайұлының қолдауымен бірнеше жылдан бері жүзеге асырылып келе жатқан «Абай әлемі» жобасының биылғы жылғы шығарылымы бойынша атқарылатын жұмыстар пысықталды.

Аталған кітап сериясының редакциялық алқа төрағасы Әлібек Қалиұлымен биылғы жылғы 1 қыркүйектегі ел Президентінің халыққа Жолдауында айтылған жастарға патриоттық тәрбие беру, ізгі қасиеттерді насихаттаудағы зиялы қауым өкілдерінің алар орны және кітапханалардың алдағы уақытта атқаратын іс-шаралар жобасы талқыланды.

Осыған орай, Қазақстан Жазушылар одағының Шығыс Қазақстан облыстық филиалы мен мәдениет басқармасының ынтымақтастықта жұмыс жасауы жайында сөз қозғалды.

Қазіргі таңда облыс кітапханалары өз қорларының бір бөлігін (облыс бойынша – 33 219 құжат, соның ішінде А.С. Пушкин атындағы кітапханасы – 11 849 құжат) сандық нұсқаға көшіріп, оқырмандарға қашықтықтан қызмет көрсетуде.

Сонымен қатар, облыстық кітапханада 14 виртуалды онлайн қызметі, яғни  электронды каталог, виртуалды анықтама, құжаттардың электронды жеткізілімі, кітап пайдалану мерзімін онлайн ұзарту, онлайн клубтар мен тренингтер, онлайн заңгер, психолог кеңестері, тікелей эфирлер, компьютерлік сауаттылыққа баулу курстары және тағы да басқа қызметтер бар.

Жолдауда айтылғандай кітапхана жүйесі қолжетімді әрі инклюзивті болуға байланысты және халыққа цифрлық қызмет көрсету бойынша тиісті жұмыстар жалғасатын болады.

Жасөспірім қыздар тик-ток үшін балаларға арналған беседканы қиратты (видео)
Түркия төрінде үш қазақ қызының үш бірдей кітабы жарық көрді
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу