Түркия төрінде үш қазақ қызының үш бірдей кітабы жарық көрді

Oinet.kz 04-09-2021 784

Screenshot_1.jpg

Анадолыда қазақтың жазушы және ақындарының кітаптары үш жаңа шығармамен толықты. Қазақстанның Түркиядағы Елшілігінің ұйытқысымен жарық көрген кітаптардың авторлары Марфуға Айтқожа, Күләш Ахметова және Ақұштап Бақтыгереева. Кітапты түрік тіліне тәржімалаған Ашур Өздемир. Қазақтың үш бірдей ақын қыздарының  «Жаратқанға жалбарыну», «Ана құпиясы», «Тастағы іздер» кітаптарының тұсау кесері Анкарада өтіп, оған түріктің қоғамдық қайраткерлері, көрнекті өкілдері мен ғалымдар қатысты. 

«Жаратқанға жалбарыну» кітабының авторы Күләш Ахметова – ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, «Құрмет» орденінің иегері. Жамбыл облысының Құрметті азаматы. Ол – қазіргі қазақ поэзиясының көрнекті өкілі. Өлеңдерінде нәзік лирикамен, терең тебреністі тоғамдармен еркін жырлайды. 

Поэзия дүниесінің тағы бір өкілі Ақұштап Бақтыгереева туралы айтар болсақ, ол – «Қазақстан Республикасы тәуелсіздігінің 10 жылдығы» медалімен, «Құрмет» орденімен марапатталған қазақ ақыны. А.Бақтыгереева  қазақтың «жайықтың ақ шағаласы» атанған ақын қызы. Қазақ поэзиясына жаңа серпін беріп, өзіндік өрнек ортаға қойған. 

Қазіргі жыр дүниесінің төбесінде орын алған асыл ақындарымыздың бірі де – Марфуға  Айтқожа. Марфуға ақынның өлеңдері нәзік сыршылдығымен ерекшеленеді. Қазақтың жыр аққуы атанған ақын қызы. Ақын лирикасында отанды, халқы мен қазақтың даласын жырлаған. Қазақстан Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, «Парасат», Құрмет ордендерінің иегері. 

Қазақстанның Түркиядағы Елшісі Абзал Сапарбекұлының айтуынша,  қазақ әдебиеті мен маңызды шығармаларының түрік тіліне аударылуы маңызды. Себебі,  халықаралық қатынастар тұрғысынан мемлекеттер арасындағы әдеби қарым-қатынас әрқашан басымдыққа ие болды. Өйткені әдебиет – адамдардың бір-бірін терең тануының ең маңызды құралы. Әсіресе, егер бұл мемлекеттер тарихи және мәдени тамырлары ортақ елдер болса, әдебиеттің маңызы одан сайын арта түседі.

Айта кеткен жөн, кітаптар- жергілікті жоғарғы оқу орындарының кітапханаларына табысталып, туркология факультетіндегі қазақ әдебиеті қатарын толықтырады.

Өңір руханиятындағы өзекті мәселелер талқыланды
60 мың жалақымен 3 баласын асырап отырған күзетші жұмыссыз қалып, күйзеліске түскен
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу