Асқар Мамин: Медициналық тауарлардың шекті бағасы алдын ала бекітіледі

Oinet.kz 07-09-2021 676

Ішкі нарықта бағасы өскен шикізат пен материалдарды экспортқа шығаруға шектеу енгізіледі. Бұл туралы Үкімет отырысында Премьер-Министр Асқар мамин мәлім етті, деп хабарлайды Oinet.kz.

Асқар Мамин.jpg

- «Азық-түліктен басқа тауарларға инфляция деңгейін тежеу жөніндегі шаралар аясында қажет болса, тапшылық орын алып отырған немесе ішкі нарықта бағасы өскен шикізат пен материалдарды экспортқа шығаруға шектеу енгізу көзделеді. Медициналық қызметтердің кешенді тарифтерін және бірқатар медициналық тауарлардың шекті бағасын алдын ала бекіту қамтамасыз етіледі», - деді Асқар Мамин. Оның айтуныша, инфляция импорты жоғары өндірістерді ұлғайту жөнінде нақты шаралар қабылданады, оның ішінде құрылыс материалдары мен жеңіл өнеркәсіп өнімдері де бар. 

- «Ақша-кредит саясатының аясында, инфляцияға қарсы шараларды іске асыруға, оның ішінде экономикадағы өтімділік көлемін бақылауды күшейту жолымен іске асыруға назар аударылатын болады. Бұл шаралардың бәрі биылғы жылдың соңына дейін азық-түліктен басқа тауарлар мен ақылы қызметтердің бағасын жедел түрде тұрақтандырып, инфляцияның жалпы деңгейін бақылауға мүмкіндік береді», - деді Үкімет басшысы.

Шымкентте 24 жастағы жігітті өлтіріп, терісін сылып тастаған (видео)
Тоқаев ресми сапармен СҚО-ға барды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу