Ауғанстаннан келген қандастарға 204 мың теңгеден беріледі

Oinet.kz 14-09-2021 639

Ауғанстаннан жеткізілген 35 этникалық қазақтың әрқайсысына 204 мың теңгеден бөлінетін болды. Сонымен қатар, бір жыл бойы ай сайын 87 мың 500 теңге көмек көрсетіледі. Алматы қаласы әлеуметтік әл-ауқат басқармасындағылар отанға оралғандардың жұмысқа тұруына да жәрдемдеспек деп хабарлайды 31 арна.

image.png

Ауғанстаннан келген этникалық қазақтар әуежайдан түсе сала қонақ үйге жеткізілген. Қандастардың аяқтан тұрып кетуі үшін берілетін бір реттік және бір жыл бойы ай сайын берілетін квота Ақмола, Қостанай, Павлодар, Шығыс Қазақстан және Солтүстік Қазақстан облыстарына қоныстанса ғана қарастырылған.

Сонымен қатар, дипломдары бар адамдардың мамандық бойынша жұмысқа тұруына да көмек көрсетілмек. Ал білімі жоқтарды арнайы курста оқыту көзделген.

- «Барлық түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Қазір министрлік тарапынан сол қай жерге ол кісілерді тұрақтандыратыны туралы жұмыс жүргізіліп жатыр», — деді Алматы қаласы әлеуметтік әл-ауқат басқармасы басшысының орынбасары Данияр Әлкебайұлы.

Департаменттің жолдаған хабарламасы толықтай және тиісті дәрежеде орындалған
Арыстағы жарылыста жылаған жігіт Германияда не істеп жүр? (фото)
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу